Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметтегі рөлі

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстандағы мемлекеттік тілді дамыту және қолдау нәтижелері қандай деңгейде екенін айқындайтын басты көрсеткіш – бұл шынайы қоғамдық орта, қоғамдық ортаның мүддесі мен рухани саналы көзқарасы. Қоғамдық ортадағы мемлекеттік тілдің қолданылуы тілдік ортаның нығаюымен күшейеді. Ал қазақ тіліндегі қоғамдық ортаны қалыптастыруға ықпал жасайтын факторлар – білім беру, мәдениет БАҚ жүйесі мен мемлекеттік тілде іс қағаздарының жүргізілуін қадағалайтын әрбір мекемедегі тіл дамыту бөлімдері мен департаменттері, т.б. институттар мен қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік биліктің тікелей өзі болып табылады. Мерзімді және электронды БАҚ жүйесіндегі мемлекеттік тілді дамыту іс-шараларының нәтижесі бойынша қазақ тілді ортаның өсу динамикасы жылдан жылға артып келеді, бірақ іс қағаздары мен мемлекеттік қызметтегі, жеке кәсіпкерліктегі, жеке ұйымдардағы тілдік орта түбегейлі қазақ тіліне ауысты деуге болмайды. Әрине, бұл қозғалыс мемлекеттік тілді дамыту стратегиясының орындалу мерзімінен әлдеқайда кеш әрі баяу жүргізілді. Бірақ Қазақстан үшін осы қадамға жету тіл саясатындағы толеранттылық, сабырлылық күшіменен жүзеге асты.

Әрине, ұлтжанды тіл жанашырлары мемлекеттік тілдің туын көтеру үшін жан айқайын салып, түбегейлі қазақтілді қоғамдық ортаны қалыптастырудың саяси да, рухани да, заңдық жолдарын көрсетіп, тіпті өзге мемлекеттердің оңтайлы тәжірибелерін негізге алып қоғамдағы тілдік ортаны күрт өзгертуді ұсынады. Қазақ тілін үйрететін және оқытатын көптеген әдістеме мен оқулықтардың тиімділігі мен маман тәжірибесі, шеберлігі туралы пікірлер, мемлекеттік тілді тіл саясаты арқылы нығайтуды көздейтін саясаттанушылардың ұсыныстары талданды талқыланды.

«Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің хабарлауындағы жаңалықтарға статистикалық санат жүргізгенде мемлекеттік тілді дамытуға қатысты іс-шаралар жылдан жылға қарқынды жүргізіліп жатқанын байқауға болады.

Бүгінгі таңда көпұлтты барша қазақстандықтар мемлекеттік тіл – қазақ тілі екенін шынайы рухани тұрғыдан мойындап, оны құрметтеуге бет бұрды, тіпті қазақ тілін үйренуге талпыныс күшейді.

Дата публикации
25 июня 2021
Дата обновления
25 июня 2021
Тип

Сейчас читают

25 апреля 2025
О выполнении задания Главы государства
28 марта 2025
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып айқындалды.
05 марта 2025
Құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы