Қазақстандықтар үшін Наурыз - айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді.
Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Мерейлі мерекеге орай Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінің қыметкерлерімен салтанатты шара ұйымдастырылды. Жағдайы төмен отбасыларға көктемнің ұлы мерекесі қарсаңында тиісті қажетті азық түлікпен қамтамасыз етілді.
Әлемді жаулаған індетке байланысты ауқымды шаралар атқаруға мүмкіндік болмаса да, мекеме қызметкерлері көктемнің ұлық меркесінде көтеріңкі көңіл күймен әріптестер арасында жағымды, көңілді атмосфера орын алды.
Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне, оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын шақтардың бірі.
Нұр-Сұлтан қаласының Әділет Департаментінің бас маманы
Д. Султангазиева