Латын әліпбиі – өзекті мәселе
«Қазақстан - 2050» стратегиясында қазақ тілін латын қарпіне көшіру туралы мәселе қазақ тілінің дамуы, тілді заманға сай үйлестіріп, тілімізді жаңғыртуға көмектесетіні туралы айтылған.
Әліпби мен жазу адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Латын әліпбиі –тек дамудың кілті ғана емес, рухани жаңғырудың басты бір баспалдағы, әлемдік ақпарат кеңістігінің тура жолы, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Қазақ жазуының латын әріптеріне көшірілуі ел болашағы - жас ұрпақтың оқу-білім және ғылым жолындағы ізденістеріне де жол ашады. Сондықтан латын әріптері өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі болып табылады.
Дүниежүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады. Қазіргі жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды.
Латын әріптері- әлемдік талаптарға сай жазу, латын әліпбиі өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі.
Қорыта айтқанда, латын графикасы - қазақ жазуының болашағы, латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін жаңа биіктерге бастайтынына өз септігін тигізеді. Жаңа ғасырда жаңа әліпбиіміз бен жазу емлемізді меңгеріп, тіліміздің үндесім заңдылығына сай жазатын болсақ, тіліміздің де болашағы жарқын болады. Сондықтан латын негізді қазақ әліпбиі мен жазуын тезірек күнделікті қоғамдық өмірімізге енгізуге күш салуымыз керек.
Тілдің мұндай жаңа мүмкіндіктері еліміздің болашағына, мемлекеттік тілдің одан әрі биіктете түсуіне, жалпыұлттылық бірлікті нығайтуға, ұлттық қорымызды сақтауға және көптіліктің дамуына ықпал жасап қана коймай, ұлтжанды және отансүйгіш тұлғалардың қалыптасуына тигізетін ықпалы өте зор.
Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің
атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі