Меню

Страницы

Статья

«Адам көңілден азады, тілден жазады»

«Адам көңілден азады, тілден жазады»

Қазақ xалқы мақал-мәтелдерге бұрыннан ерекше мән берген. Әсіресе тіл, сөйлеу мәдениеті ерекше бағаланған. «Адам көңілден азады, тілден жазады»-деп, яғни адамның көңіл күйінің көтереңкі болуына тілдің рөлі маңызды екен көрсетеді.

Тіл – ол адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын, көңіл күйін ұға алады. Демек, тіл адам баласының жанының емшісі десек артық болмайды.

Тіл адамды басқа жаратылыстардан ерекшелейтін негізгі белгі болып табылады. Тіл адам көңіл күйін қара сөздермен түсіреді немесе жақсы сөздермен жұбату арқылы көтереді. Сол себепті әр бір адам тіл арқылы айтылған сөздеріне мұқиат болуы тиіс. Яғни тіл мәдениетін сақтау басты шарт болып табылады.

Қазіргі таңда тіл мәдениетіне, адамның сөйлеу мәдениетіне ерекше мән береді. Бұндай тек қана қоғамдық өмірде емес, мемлекеттік мекемелерде де тіл мәдениетінің әдептілігін ұстауға қатал шарт қояды. Өйткені, тіл қарым-қатынасы арасында дөрекі сөйлеу, көңіл күйіне кері әсер ететін сөдерді айту, мемлекеттің дамуына әсер етеді.

Халық, «ағаштан жеміс күтсең бұтағын сындырма, адамнан үміт күтсең көңілін қалдырма»-дейді. Адамның көңіліне қарап сөйлеу, үлкен имандылықтың белгісі болып табылады. Сол себепті, қандай да ойды әсем жеткізуге тырысуымыз керек. Сөз мәдениеті дамыса, тіл мәдениетіде дамиды.

Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

Дата публикации
23 ноября 2020
Дата обновления
23 ноября 2020
Тип
Аналитическая статья

Сейчас читают

25 апреля 2025
О выполнении задания Главы государства
28 марта 2025
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып айқындалды.
05 марта 2025
Құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы