Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып айқындалды.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып айқындалды.

Ал, 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының шешімімен 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталды. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде Наурыздың көктем мерекесі ретінде үш мың жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста үш жүз миллион адам тойлап келе жатқанын мәлімдеді. Өз кезегінде UNESCO 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді.

Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түркі халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады.

Наурыз – ғасырлар бойы тойланып келе жатқан түркі халықтарының мерекесі. Тап осы кезде көктем шығып, қар еріп, күн жылына бастайды. Құстар жылы өңірлерден қайта оралып, барлық өсімдіктер және жәндіктер қысқы үйқысынан оянып, тіршілік қамына кіріседі. Даламыз құстардың әніне толады.

Бұл мереке татулық пен бейбітшіліктің белгісі. Қазіргі әлемде Наурыз мейрамын тойлау әртүрлі мәдениет пен дін өкілдерін біріктіретін маңызды оқиға болып қала береді. Наурызда сонымен қатар салт-дәстүрлер мен мәдени мұра жаңғыртылады. Осы мереке халықты бірлік пен өзара түсіністікке шақырады.

Наурыз мейрамы жай көктем мерекесі емес, бұл үміттің, жақсылықтың, бірліктің мерекесі. Ғасырлар бойы тойланып келе жатқан осы мереке адамдарға еліміздің тұрғындарына үнемі қуаныш сыйлайды.

Наурыз Тәуелсіз елімізде зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық мереке.

Дата публикации
28 марта 2025
Дата обновления
28 марта 2025
Тип

Сейчас читают

25 апреля 2025
О выполнении задания Главы государства
28 марта 2025
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып айқындалды.
05 марта 2025
Құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы