Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ҚР нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
Халықаралық стандарттарға сай, бір мемлекеттің құжаттарының заңдылығы екінші мемлекеттің аумағында қалай расталады? Шетелдік мемлекеттік құжаттарды заңдастыру талаптарын жою туралы Конвенцияға (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) сәйкес, бір мемлекеттің құзыретті органдары жасаған және басқа мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған құжаттарға арнайы апостиль мөрі қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қойылған қолдың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның әрекет ету сапасын және қажет болған жағдайда осы құжатқа қойылған мөрдің немесе мөрдің түпнұсқалығын куәландырады. Халықтың көбі құжаттарға апостиль қою үшін өтінішті тек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ғана емес, электронды түрде де egov.kz порталы арқылы алу мүмкіндігі бар екендігін біле бермейді. Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні. Электронды үкімет порталы (еgov.kz) арқылы апостиль қою рәсімін бастау үшін:
1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
2. жүйеге кіріп, өтініш беру;
3. өтінішке апостиль қойылған құжаттың сканерленген көшірмесін қоса беру;
4. оң шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік бажды кез келген банктің төлем картасымен немесе жеке шотпен төлеу;
5. жеке кабинетте көрсетілген мерзімде келіп түсетін өтінішіңізді өңдеу туралы хабарламаны оқу қажет.
Көрсетілетін қызметтің түпкілікті нәтижесі: QR коды қойылған апостиль мөрі. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласының Әділет департаментіне 32-32-95 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Мадина Жайлауова
Астана қаласы Әділет
департаментінің жетекші маманы