Меню

Страницы

Статья

Қорларды құру, олардың түрлері және мемлекеттік тіркеу тәртібі.

Қорларды құру, олардың түрлері және мемлекеттік тіркеу тәртібі.
Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заң актiлерiнде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
Жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық кеңесiнiң көпшiлiк мүшесi, сондай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлерi бола алмайды.
Қордың атқарушы органы қордың жоғары басқару органының және тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органының (қамқоршылық кеңестiң) шешiмдерi негiзiнде және оларды орындау мақсатында жұмыс iстейдi және соларға есеп бередi.
Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi қызметтi қатар iстеуiне болмайды. Басшы құрылтай құжаттарының, қорды басқару органының шешiмдерi негiзiнде қордың атынан мәмiлелер жасауға құқылы.Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың - бiр отбасы мүшелерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәландырылған өсиетi бойынша да құрылуы мүмкiн.
Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор деп танылады.
Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың - қоғамдық бiрлестiктердiң құрған қоры қоғамдық қор деп танылады.
Мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттiк қор деп танылады.
Қорларды мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңы және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына сәйкес келесідей құжаттар ұсынылады:
заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш;
жарғыны бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
атқарушы органды тағайындау туралы алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Осы құжаттар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалдары арқылы тіркеуші органға ұсынылғаннан кейін, өтініш берілген күннен кейінгі келесі күнінен бастап, 5 жұмыс күнінде қарастырылады.
Қорларды мемлекеттік тіркеуге қатысты туындаған сұрақтарыңыз бойынша Астана қаласы Әділет департаментіне 32-37-08 телефон нөміріне хабарласып, кеңес алуыңызға болады.

Дата публикации
03 декабря 2024
Дата обновления
03 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

25 апреля 2025
О выполнении задания Главы государства
28 марта 2025
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып айқындалды.
05 марта 2025
Құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы