«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
Апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба
Апостиль қою рәсімінің мақсаты Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында әрекет етуге арналған апостиль қойылатын құжаттардың түпнұсқалығы мен тиісті ресімделуіне кепілдік беру болып табылады.
Облыстық/қалалық әділет департаментері Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға экстерриториалдық қағидаты бойынша апостиль қояды.
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін алу үшін жеке және заңды тұлғалар қалауы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш беруіне болады, қызмет көрсету мерзімі - 2 жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-Апостиль» электрондық мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні.