Жеке тұлғалардың салықтық берешегін төмендету және мәжбүрлеп өндіріп алудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел
Алматы облысында жеке тұлғалардың салықтық берешегін төмендету және мәжбүрлеп өндіріп алудың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Іс-шараға Алматы облысы Әділет департаменті, Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысының прокуратурасы, Полиция департаменті және Алматы облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен сот орындаушыларының келесі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасау мәселелері қаралды:
• Берешекті өндіріп алу: еңбекақыдан қарыздарды уақтылы ұстап қалуды және банктік шоттарға тыйым салуды қамтамасыз ету;
• Автокөлік құралдарына құқықтарды шектеу: борышкерлердің көлік құралдарына тыйым салу және оларды Полиция департаментімен бірлесіп мамандандырылған тұрақтарға қою;
• Атқарушылық өндірістерді біріктіру: құқықтық шектеулердің толық кешенін, соның ішінде ҚР шегінен шығуға тыйым салуды және арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұруды қолдану үшін бір борышкерге қатысты бірнеше салық бұйрығын бір өндіріске біріктіру.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және жеке тұлғалардың салықтық берешекті азайту(көлік және мүлік салығы) бойынша қабылданатын шаралардың толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шешімдер қабылдады.
#заңментәртіп