Qonaev Media телеарнасының Заң мен тәртіп бағдарламасының эфирінде!
Әділет органдары күні қарсаңында!
«Qonaev Media» телеарнасының «Заң мен тәртіп» бағдарламасында Алматы облысы Әділет департаментінің өкілі Данияр Ермекұлы Қалиев сұхбат беріп, өңірдегі әділет жүйесінің рөлі мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сұхбаттың негізгі бағыттары:
🔹 «Заң мен тәртіп» принципі — мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының негізі.
🔹 Қызметтердің қолжетімділігі мен цифрландыру — атқарушылық өндіріс, нотариат, адвокатура саласындағы қызметтерді электронды форматта оңай әрі жылдам алу мүмкіндігі.
🔹 Кәсіби қоғамдастықпен ықпалдастық — Әділет департаменті, нотариустар, адвокаттар мен жеке сот орындаушыларының бірлескен нәтижелі жұмысы.
🔹 Құқықтық мәдениетті арттыру — әрбір азаматтың өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі және заңды құрметтеуі.
Барша әділет саласының қызметкерлерін келіп жеткен кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!