Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға арналған қабылдау өтті

Жарияланған күні: 21 қыркүйек 2026

«Әділет» партиясы өңірде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Ашық есік күні ұйымдастырылды

«Қазақстанның балалары» Ұлттық бағдарламасы аясында өткен қабылдау «Әділет» партиясының Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ұйымдастырылды.

Іс-шараға партияның облыстық Әйелдер қанатының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты, Әділет департаментінің, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының, Полиция департаментінің, Білім басқармасының және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласының өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында балалардың құқықтарын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау және басқа да маңызды мәселелер қаралды. Тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме беріліп, құқықтық және ақпараттық көмек көрсетілді.