Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру- Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қатысушылар құрамы ЗТ МДҚ-да заңды тұлға жарғысымен (ережесімен) құзыретті орган шешімін қоса отырып тапсырылған өтініші негізінде ауыстырылады.
Қосымша қатысушыларының,(мүшелерінің) тізімі тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, байланыс телефонының нөмірі, жеке қолтаңбасы қойылған тізім тапсырылады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әдiлет органдарында құрылатын нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестаттау комиссияларында аттестаттаудан өтедi.
Апостиль дегеніміз-бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.
Апостильдің нысаны 13х13 шаршы см. түрінде жасалған мөртаңба болып табылады.
Апостиль Конвенцияның ресми тілдерінің (француз немесе ағылшын) біреуінде, сондай-ақ апостиль қойған мемлекеттің ұлттық тілінде қойылуы мүмкін. Іс жүзінде көп жағдайда апостильде екі тіл (Конвенция тілдерінің біреуі және ұлттық тіл) қосарланып беріледі. Барлық мәліметтер мемлекеттік тілде апостиль мөртабанында айқындалады, осыдан кейін құжат Гаага конвенциясына қатысушы құзіретті мемлекеттік органның Елтаңбалы мөрімен бекітіледі.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға басшысы ЗТ МДҚ-да заңды тұлға жарғысымен (ережесімен) құзыретті орган шешімін қоса отырып тапсырылған өтініші негізінде ауыстырылады.
Тауар таңбасын қалай тіркеуге болады? Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді ресімдеу және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына беру қажет. Тауар таңбасын тіркеуге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында тізбеленген. Өтінімге сараптаманы ҰЗМИ РМК кезең-кезеңмен жүргізеді: алдын ала сараптама және толық сараптама (сараптама жасау мерзімдері Заңның 11-бабында белгіленген). Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес алдын ала сараптама нәтижесі бойынша өтінім берушіге дәлелді қорытынды түрінде өтінімді қабылдау не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарланады. Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес толық сараптама нәтижесі бойынша уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі) тауар таңбасын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіркеу фактісін Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме растайды (Заңның 14-бабының 2-тармағы). Заңның 45-тармағына сәйкес Уәкiлеттi орган (Әділет министрлігі) қорғау құжатын беру жөнiндегі әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады. Тауар таңбасын тіркеуге байланысты заңды маңызы бар әрекеттерді жасаған үшін төлем Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №368 бұйрығымен бекітілген «Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорын іске асыратын жұмыстар мен қызметтерге бағалармен» белгіленеді.