Қолданыстағы құқықты құрайтын актілер жиынтығына жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері (бұдан әрі-НҚА) кіреді, яғни өңірлік нормашығармашылық деп аталады.
Жергілікті деңгейде нормашығармашылық функциялары жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер мен әкімдер) және жергілікті өкілді органдарға (мәслихаттар) берілген.
«Құқықтық актілер туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) әділет органдарында орталық, сол сияқты жергілікті мемлекеттік органдардың НҚА мемлекеттік тіркеу рәсімінен міндетті түрде өтуді көздейді, өйткені бұл олардың күшіне енуі үшін міндетті шарт болып табылады.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 313 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жергілікті мемлекеттік органдардың НҚА орталықтандырылған тіркеуге көшіруді жүзеге асырды.
Жергілікті мемлекеттік органдардың НҚА тіркеудің жаңа форматына көшудің артықшылығы өңірлік нормашығармашылықты құқықтық регламенттеудегі кемшіліктерді анықтау және жою, НҚА жобаларын әзірлеу сапасын арттыру, біркелкі құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету болып табылады.
Министрлік НҚА мемлекеттік тіркеу рәсімін оңтайландыру шеңберінде заңға бірқатар түзетулер енгізді, олар бірқатар ведомстволық және өңірлік НҚА қабылдау рәсімін жеңілдетуге және заңнамалық нормаларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді.
Осылайша, әділет органдарында тіркеуге жатпайтын НҚА тізбесі кеңейтілді, оның ішінде Үлгілік НҚА негізінде әзірленген және қосымша құқық нормалары жоқ НҚА, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерді, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін (бюджеттердің 3 және 4 деңгейлері) бекіту немесе нақтылау туралы мәслихаттардың шешімдері.
Бұдан басқа, 2021 жылғы 3 шілдеде Үкімет қызметтің әртүрлі салаларындағы мәселелерді реттейтін бірқатар НҚА көздейтін қаулы қабылдады, олар да әділет органдарында тіркелуге жатпайды.
Сондай-ақ, заңға тәуелді НҚА жобаларын Ашық НҚА интернет-порталында (бұдан әрі – Портал) орналастыру тәртібі жаңа редакцияда бекітілгенін атап өту қажет.
Осы тәртіптің негізгі жаңалықтары Порталда барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы шешімдердің жобаларын күнтізбелік 10 күннен 5 күнге дейін, сондай-ақ төтенше жағдай жариялау және карантинді не шектеу іс-шараларын енгізу жөніндегі НҚА жобаларын орналастыру мерзімдерін күнтізбелік 1 күнге дейін қысқарту болып табылады.
Бұл нормалар мемлекеттік органдармен НҚА қабылдау рәсімін оңайлатуға ықпал етеді және оларды іске асыруға жылдамдатады, сондай-ақ өңірлердің дербестік деңгейін және жауапкершілігін арттыруға, бюджеттік рәсімдерді оңайлатуға және жергілікті маңызы бар мәселелерді неғұрлым жедел шешуге бағытталған.
С. Кантарбаева
Ақмола облысы Әділет департаментінің
әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы