Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

        Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.

        Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне, нарықтық экономиканың құрылуына, инвестицияларды тарту процесіне кедергі жасайды. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің болашағының дамуына қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық салаларының жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

     Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Оның басты белгілерінің бірі пара алу немесе беру болып табылады.

    Сыбайлас жемқорлық қоғамға тек зиянын тигізіп қана қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін есте ұстауымыз қажет! Нәтижесінде сыбайлас жемқорлықпен айналысқан тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріліп, дүниетанымдары бұзылады.

     Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілуде. Әрбір мемлекет пайдаланатын сыбайлас жемқорлықпен күресу тәсілдері өзгеше болып келеді. Яғни, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына қарамастан, олардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне, халқының саны мен орналасу тығыздығына байланысты.

     Біздің елімізде 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген болатын.

     Бұл стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

     Сыбайлас жемқорлық құбылысы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ол дертке айналуда.

     Сондықтан Отанымыздың әр азаматы осы дертпен жұмыла күресу қажет.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

әкімшілік-құқықтық бөлімінің

жетекші маманы

А.Қ. Жангулина

Дата публикации
13 августа 2021
Дата обновления
13 августа 2021
Тип

Сейчас читают

Статьи
29 сентября 2026
«Правовая защита товарного знака»
28 сентября 2026
Взыскание алиментов на содержание несовершеннолетних детей
23 сентября 2026
Порядок выдачи кадастрового паспорта

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы