Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі күні қоғамның дерті. Бұл дертпен күресу, кез келген өркениетті қоғам үшін ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сол себепті, біздің де жас мемлекет саясатымыздың негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс деп көзделген, бірақ бұл күрес әр азаматтың міндеті деп білу қажет. Егер әр адамның сана-сезімінде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ деген ұғым бар болса, әр адам ол ұғымды іске асыруға талпынса, сонда бұл дертті жою жеңіл болар еді. Әрине, сыбайлас жемқорлық заман ағысымен жазылмай келе жатқан, тамырын жайып тастаған және оған біздің қоғам үйреніп қалған дерт, ол дертті тамырымен жұлып алып жоя салу оңай емес, бірақ, соған бағытталған шараларды бірігіп қолдануымыз, әрекет жасауымыз, белсенділік танытуымыз қажет.
Мемлекеттік қызметші халыққа құрметпен, адал және әділ қызмет атқарулары, ал халық мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерін орындауда сыбайлас жемқорлыққа итермелемеуі қажет. Себебі парақорлық, мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.
Сол себепті егемен еліміздің айналасындағы салауатты, таза және сау ортамызда тамырын емін-еркін жіберген дерттің алдын алу, одан да тереңдете түспей тұрғанда балтамен шабу, қауіп қатер төндіретін дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.
Дерттің емі бар – ол онымен күресу, сондықтан бірге күресейік, сыбайлас жемқорлықсыз жарқын жарық болашаққа бірге қол ұстасып қадам жасайық.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
Әкімшілік бөлімінің
Бас маманы
Д.Омарғазыұлы