Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің 2020 жылғы 1 жартыжылдығындағы қызметі бойынша есептік ақпарат.

 

Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының 2020 жылғы 31 қаңтарындағы №30-н-шы  бұйрығымен Департамент басшысының орынбасары Гүлмира Мұталлақызы Әкімова Әдеп жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.

Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлмира Мүталлақызы Әкімовамен  2020 жылғы  бірінші  жартыжылдығында  келесі жұмыстар атқарылды:

          -27.02.2020жылы Ақмола облысы бойынша аумақтық коммуникациялар қызметінде «Әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша» тақырыбында бұқаралық ақпарат өкілдері үшін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік Университетінің ерікті-студенттерінің  қатысуымен брифингке  қатысты;

           -10.03.2020 жылы «Қазақстан» РТРК Ақмолалық филиалының Kokshe телеарнасында «Мейірім тамшысы» тақырыбында «Айна» ток-шоу бағдарламасына  қатысты;

         -12.03.2020жылы «Antikor ortalygy»  сервистік орталығының ғимаратында «Ашық қызмет» акциясына қатысты;

          -А.ж. бірінші жартыжылдығында Әдеп жөніндегі уәкілмен  облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында 6 мақала және 1 сұхбат жарияланды.

-23.06.2020 жылы Ақмола облысы Әділет департаментінің мәжіліс залында Әдеп жөніндегі уәкілдің төрағалығымен мемлекеттік қызметкер күнін мерекелеуге орай, сағ:10.00-де мемлекеттік қызметкерлердің ант  қабылдауының бірыңғай сағаты өткізілді.

          -20.05.2020 жылы студенттердің қатысумен Абай Мырзахметов ат. Университетінің оқытушыларымен ұйымдастырылған онлайн конференцияға қатысты.

-01.07.2020жылы сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Әдеп жөніндегі уәкілімен «Бірыңғай қабылдау күнін» ұйымдастырылды.

Ай сайынғы негізде әдеп жөніндегі уәкілмен анонимді сауалнама жүргізіледі.

-ұдайы негізде Департамент қызметкерлерімен қызметтік этиканы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы негізде азаматтарды қабылдау және онлайн арқылы консультациялар жүргізіледі.

         Әдеп жөніндегі уәкілмен ай сайынғы негізде тұрақты күнді белгілеу арқылы азаматтарға кеңес беру мәселесін шешу жоспалануда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 30 шілде Әділет департаментінің алқа отырысында Әдеп жөніндегі уәкілі алқа мүшелеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнама талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша сөз сөйледі.

А.ж. 23 маусымында Ақмола облысы Әділет департаменті және «Ақмола –Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арасындағы өзара әрекеттесу меморандумына қол қойылды және осы жылдың 31 қаңтарындағы департамент басшысының 31-н бұйрығымен бекітілген «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылғың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы шығарылып, екінші  жартыжылдыққа міндеттер қойылды.

Ақмола облысының

Әділет департаменті

Дата публикации
05 августа 2020
Дата обновления
05 августа 2020
Тип

Сейчас читают

Статьи
29 сентября 2026
«Правовая защита товарного знака»
28 сентября 2026
Взыскание алиментов на содержание несовершеннолетних детей
23 сентября 2026
Порядок выдачи кадастрового паспорта

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы