
Тіркеу қызметінің негізгі міндеттері мен функциялары:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді жүзеге асыру;
- мемлекеттік тіркеу, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмiн жүргiзу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру.
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк реттеуді жүзеге асыру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
- азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және қызметін реттеу;
- мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жекеше нотариустардың iс жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылау;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және қызметін реттеу;
- адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңды көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
- мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
- аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылықты, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру.
Саламатсыз ба! Иә, мүмкін.
ҚР әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою Қағидасына сәйкес, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық түрде өтініш беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Электрондық апостиль ЭҮП арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде берген қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім коды) қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі.
Электрондық апостиль мөртабанының астында электрондық беттің мекенжайына сілтеме көрсетіледі https://egov.kz/cms/ru/services/apostil/apostil.
Шет мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген электрондық мекенжайда екі қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім) енгізу арқылы электрондық апостиль мөртабаны бар ресми құжатты тексеруді жүзеге асырады.
Осыған байланысты апостиль қоюдың осы автоматтандырылған рәсімі азаматтарға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, электрондық апостиль - апостильді қою, жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізеді.
ҚР- да жасалған әрбір ресми құжатқа апостиль қойғаны үшін - 0,5 АЕК мемлекеттік баж салығы өндіріледі.
Басшы ауыстыру үшін хабарламаны жаңа басшы eGov.kz порталы арқылы өзінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып береді. Құрылтайшылардың санына байланысты өтініш құрылтайшымен немесе жалпы жиналыстың төрағасы мен хатшысымен келісілуі тиіс. Келісу рәсімі аяқталғаннан кейін жаңа басшы туралы мәліметтер автоматты түрде жаңартылады.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген жағдайда, eGov.kz порталындағы тиісті қызмет арқылы электрондық хабарлама беру қажет. Ол үшін қажетті мәліметтер толтырылып, талап етілетін құжаттар қоса тіркеледі және хабарлама заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылады.