Қағиданың 3-тармағы мемлекеттік тіркеуге жатпайтын НҚА жобаларын
әзірлеу және келісу «Құқықтық актілер туралы» Заңының және осы
Қағиданың НҚА әзірленген жобаларының жария талқылау үшін ашық НҚА
интернет-порталына орналастыру, қоғамдық кеңестің ұсынымдарын, Ұлттық
Кәсіпкерлер палатасының және сараптамалық кеңес мүшелерінің
сараптамалық қорытындыларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми
сараптамаларды алу, Кәсіпкерлік кодексінің 82 және 83-баптарының
талаптарын ескере отырып, реттеушілік әсерге талдау жүргізу, сондай-ақ ҚР
НҚА Эталондық бақылау банкіне (бұдан әрі – ЭББ) ресми жариялауға
жіберуге қатысты талаптарын ескере отырып жүзеге асырылатын нормамен
толықтырылды.
Аталған түзетудің қабылдануы «Әділет органдарында мемлекеттік
тіркеуге жатпайтын НҚА тізбесін бекіту туралы» Әділет министрінің 2023
жылғы 26 маусымдағы No 408 бұйрығының (ӘМ No32893 болып тіркелген)
(бұдан әрі – Тізбе) негізінде қызметтің түрлі салаларындағы мәселелерді
реттейтін бірқатар НҚА мемлекеттік тіркеуден шығарылуымен байланысты.
Тізбеде орын алған НҚА салалық сипатта болатындығын да атап өту
қажет. Яғни, актілердің ерекшелігі әділет органдарына мазмұндық бөлігі
бойынша ескертулер енгізуіне мүмкіндік бермейді және заң сараптамасы
оларды рәсімдеу мен қабылдауға заңнамалық құзыреттіліктің болуы
бөлігінде ғана жүргізіледі.
Мысалы, квоталарды, лимиттерді, бағаларды, тарифтерді, тарифтік
ставкаларды, нормаларды, нормативтерді, өлшемдерді, оның ішінде тиісті
қағидалар, әдістемелер немесе басқа НҚА (тізбенің 16-тармағы) негізінде
айқындалатын олардың шекті не ең төменгі мәндерін бекіту (айқындау,
белгілеу) туралы НҚА.
Өз кезегінде, мемлекеттік органдармен НҚА қандай да бір
әдістемелерсіз және тиісті қағидаларсыз дербес әзірлеген жағдайда олар
әділет органдарымен келісу рәсімінен және кейіннен мемлекеттік тіркеуден
өту жөн.
Сондай-ақ, тізбеде көзделген кейбір НҚА бекіту мемлекеттік органның
өзінің айрықша құзыреті болып табылатындығын атап өткен жөн.
Мысалы, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, құрамдас бөліктерге атау беру
және олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы
НҚА (тізбенің 12-тармағы).
Бұдан әрі, тізбенің 11-тармағында үшінші тұлғалардың мүдделерін
қозғамайтын мемлекеттік органдардың, олардың қарауындағы ұйымдардың,
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының, ұлттық операторлардың қызметін реттейтін НҚА-лер
көзделген.
Тізбені қалыптастыру кезінде оларды алып тастаудың құқықтық
салдары ғана емес, оларды одан әрі қолданудың заңдылығын қамтамасыз
етудің өзге де нысандарының мүмкіндігі де ескерілгендігін атап өту маңызды