Меню

Страницы

Статья

«Географиялық нұсқама» жаңа зияткерлік меншік объектісі

«Географиялық нұсқама» жаңа зияткерлік меншік объектісі

 

Зияткерлік меншік саласындағы заңнамамызға 2022 жылдың 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік  және мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен өзгерістер енгізілген болатын. Нақтырақ айтатын болсақ, еліміздегі зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласында өнеркәсіптік меншіктің жаңа объектісі «Географиялық нұсқама» термині пайда болды.

«Географиялық нұсқама дегеніміз не?»-деген сұрақ туындауы мүмкін. Географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме яғни, атауында шығу тегі (елді-мекеннің атауы) көрсетілген белгілі бір аймақтан келетін тауарлар. Тұтынушылар бұл тауарларды оның шыққан жеріне назар аудара отырып, белгілі бір сапа деңгейімен, қасиеттерімен немесе беделімен байланыстырады.     

Жалпы, географиялық нұсқама ауыл шаруашылығын дамытуда, ұлттық брендтерді ілгерілетуде, шетелде өнімді тануда маңызды рөл атқарады. Географиялық нұсқама әдетте ауылшаруашылық өнімдеріне, азық-түлікке,  қолөнер бұйымдарына және өнеркәсіптік өнімдерге қолданылады. Яғни, өңірлік брендтерді дараландыру құралдары ретінде географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы пайдаланылуы мүмкін.

«Географиялық нұсқама» объектісі 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» №456 Заңымен реттелген. Сонымен қатар, аталған Заң өнеркәсіптік меншіктің тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы, тауар шығарылған жердің атауы объектілерінде қамтиды.

Географиялық нұсқама объектісі ретіде тіркелу үшін, тауар:

  • географиялық объектінің аумағынан шығарылуы;
  • белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты болуы;
  • географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс.

Сонымен қатар:

  • тауардың ерекше қасиеттері болмауы мүмкін, ал өтініш беруші негізінен географиялық аймақтың табиғи жағдайларымен және (немесе) адами факторларымен анықталатын ерекше қасиеттерді дәлелдеуге міндетті емес;
  • географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің барлық кезеңдері жүргізілмеуі керек, бір ғана кезең жеткілікті;
  • қорғанысқа тек ауызша емес, біріктірілген белгілер (бейнелі, ауызша, әріптік және т.б.) жатады.

Географиялық нұсқаманы тіркеуге және географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруге өтінімді (үлгілік бланкіде) сараптама ұйымы яғни, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына береді және өтінім бір географиялық нұсқамаға қатысты болуға тиіс.

Сараптама, өтінім берiлген күннен бастап үш ай iшiнде жүргiзіледі және сараптама барысында сараптама жасау ұйымы қосымша материалда сұратуға құқылы, олар өтiніш берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде тапсырылуға тиiс.

          Өтініш берушінің өтінішхаты бойынша бұл мерзім өтінішхат сұрау салуға жауап ұсыну мерзімі өткенге дейін келіп түскен жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

          Тіркеуден кейін:

  • географиялық нұсқаманың құқық иеленушісі оны пайдаланудың айрықша құқығына ие болады, ол географиялық нұсқаманың Мемлекеттік тізілімінде үзінді көшірмемен куәландырылады;
  • географиялық нұсқаманың тіркеу мерзімі тауардың белгілі бір сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамалары сақталған жағдайда және олардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысы болса мерзімсіз әрекет етеді;
  • географиялық нұсқаманы пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтінім берген күннен бастап он жыл бойы жарамды болады.

Географиялық нұсқамаға берілген құқық оның иелеріне өнімдері қолданыстағы стандарттарға сәйкес келмейтін үшінші тұлғалардың географиялық нұсқаманы пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік береді.
          Алайда, қорғалатын географиялық нұсқама өз иесiне осы нұсқамаға арналған стандарттарда белгіленген технологияны пайдалана отырып, басқа тұлғалардың оған ұқсас өнiмдердi өндiруiне тыйым салу құқығын бермейдi.

Осы артықшылықтардың барлығы жалпы алғанда өтініш берушілер үшін икемді қорғаныс талаптарын қамтамасыз етуге, сонымен бірге өңірлердің жергілікті өнімдерін дамытуға, белгілі бір аймақтың дәстүрін сақтауға, туристік тартымдылық үшін өңірлер брендтерін танымал етуге, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетіндігі сөзсіз.

Дата публикации
09 ноября 2024
Дата обновления
09 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

Информация
26 декабря 2025
ГАРАНТИРОВАННАЯ ГОСУДАРСТВОМ ЮРИДИЧЕСКАЯ ПОМОЩЬ
16 июля 2025
Искусственный интеллект в системе «Әділет»: новый этап правовой доступности
02 мая 2025
Как бесплатно получить правовую информацию?

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы