Меню

Страницы

Статья

Адал азамат ұғымы жемқорлықтан арылуға жетелейді

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлық бүгінгі қоғамның дауасыз дертіне айналып барады. Онымен күресуде мемлекеттік тұрғыда көптеген істер қолға алынып жатқанымен, бұл індеттен арылу оңайға түспей тұр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан сөзі ел көкейіндегі ойды тап басты.

«Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз Адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге, жас ұрпақты Адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс» деді Президент.

Олай болса, ең алдымен Адал азамат атына сай жүру мемлекеттік қызмет саласында жүрген барлық әріптестеріміздің басты ұстанымы болуы тиіс деп ойлаймын. Ар-намысын асқақ ұстап, халық алдындағы міндетіне зор жауапкершілікпен қараған адам жоғарыда айтылған сыбайлас жемқорлықтың қақпанын үзуге әрдайым сергек қараса, азаматтық атына сай тұлға болып қалыптасқанын көрсетеді.

Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналғаны да бәрімізге белгілі. Ал, Әділетті Қазақстанды құру үшін алдымен, кез келген азамат өз саласындағы қызметінде жеке бас пайдасын ойлаудан биік тұруы тиіс.

Расы керек, қазір мемлекет пен халық сеніміне сергек қарауды қаперінен шығарып, қызмет бабын асыра пайдаланып артынша абақтыға жабылып жатқан шенеуніктер жетерлік. Күнделікті ақпарат көздерінен парамен ұсталған ірі шенділерді де көріп отырмыз. Атап айтқанда, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланып, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, сеніп тапсырылған мемлекет қаражатын талан-таражға түсіру сияқты қылмыстардың барлығы сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

«Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, мемлекеттік қызметкер атына кір келтірген ондай адамдардың әшкереленуі басқаларға сабақ болуы тиіс.

Президенттің Әділетті Қазақстанды құру негізі адал азаматтардан шығады дегені осындай ұғымнан туғаны сөзсіз. Сондықтан, Адал азамат ұғымын қалыптастыруға қашанда мұқият әрі сергек қарауға тиіспіз.

Дата публикации
09 июля 2024
Дата обновления
09 июля 2024
Тип

Сейчас читают

Информация
26 декабря 2025
ГАРАНТИРОВАННАЯ ГОСУДАРСТВОМ ЮРИДИЧЕСКАЯ ПОМОЩЬ
16 июля 2025
Искусственный интеллект в системе «Әділет»: новый этап правовой доступности
02 мая 2025
Проект нового Налогового кодекса: что важно знать!

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы