Абай облысы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық бөлімнің бас маманы, (№ 16-05, функционалдық блок В)
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Өз лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыру. Абай облысы әкімі аппаратының қызметін қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Басшылар мен лауазымды тұлғалардың, олардың лауазымдық өкілеттігі шегінде шығарған бұйрықтары мен өкімдерін орындау. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкілеттігін атқару кезінде алынатын, азаматтардың жеке өмірі мен ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу. Қолданыстағы ережеге сәйкес кассалық және банктік операциялар жүргізуді жүзеге асырады. Банктік құжаттарды өңдеуді жүзеге асырады. №1 «Кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосі», № 2 «Мемлекеттік мекеменің кодтарында қаражат қозғалысы бойынша жинақтау ведомосі», №3 «ҚБШ-дағы қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомосі», №7 «Аванстық төлемдер тәртібінде есептер бойынша жинақтау ведомосі» мемориалдық ордерлерін жүргізуді жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттардың, хаттамалардың және Қазынашылыққа ұсынуға шот-фактуралар мен басқа бастапқы құжаттардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады. Өтінімдерді, қолма-қол ақшасыз аударымдар шоттарын ресімдеуді жүзеге асырады. Толық материалдық жауапкершілік шартында материалдық жауапты тұлға, кәсіпорынның корпоративтік карточкасы бойынша сенімді тұлға, аппарат қызметкерлерінің карт-шоттарына сомалар есептеу бойынша екінші деңгейдегі банктерде сенімді тұлға болып табылады. Бекітілген бюджеттік өтінімге сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын орналастыруға және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуге бақылау жасауды жүзеге асырады. Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурстық комиссияға хатшы болады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.sailauova@akimatabai.gov.kz
- 30.11.2022
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
-
Сайлауова Г. М. тел: 8 7222 (523270) (312 кабинет)