Абай облысы білім басқармасының Көкпекті білім бөлімінің басшысы (№1, функционалдық блок А)
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына бақылауды, жалпы басшылықты жүзеге асыру;
Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ басқарма қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлейді және жүргізуді ұйымдастырады, оның құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;
Қаланың оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне басшылық.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету.
Бөлімнің дамуы және тіршілігін қамтамасыз ету сұрақтарын бекітілген тәртіпте қала әкімінің, облыстық білім беру басқармасының қарауына ұсынады.
Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беретін және бастауыш-кәсіби білім беру мекемелерінің лицензиялау, аттестаттау және тіркеу процесіне қатысады.
Жетекшілік ететін салалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының орындалу сапасы мен толықтығына, облыс әкімі мен әкімдігінің, қала әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ұсынылуын, (ұйымдар арқылы ұсынылатын кешкі оқыту нысанын қоса алғанда) қамтамасыз етеді.
ҚР «Білім туралы» Заңына және өзге нормативтік құжаттарға сәйкес білім бөлімінің барлық қызметіне жалпы басшылық жасайды.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының материалдық-техникалық қамтылуын қолдайды және ықпал етеді.
Белгіленген тәртіпте жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді, олардың міндетті түрде жұмысқа орналасуын және баспанамен қамтылуын жүзеге асырады.
Облыс, қала әкімі аппаратында және облыстық, қалалық мәслихаттарда білім бөлімінің мүддесін қорғайды.
Бөлім қызметкерлерін, білім беру мекемелері басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Азаматтардың қабылдауын жүргізеді.
Қала әкімінің, оның орынбасарларының, облыстық білім басқармасы басшысының тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.sailauova@akimatabai.gov.kz
- 22.11.2022
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. тел.8 7222 523270, 312 кабинет