Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы (№ 05-2, функционалдық блок Б).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243701

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін ұсыну. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізуді үйлестіру. Басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және сақталуын ұйымдастыру. Шарттардың уақтылы жасалуын, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз ету. Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында басқарманың қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдау және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібімен наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде «электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесінде және Басқарманың ресми сайтының «виртуалды қабылдау бөлмесінде» тіркеуді және есепке алуды жүргізу.  Басқарманың құжаттарын мемлекеттік тілде ресімдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарманың мемлекеттік тілде әзірленген нормативтік-құқықтық актілерін және басқа да құжаттарын редакциялау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындау бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді:

1) қызметкерлерді іздестіруді және іріктеуді жүзеге асыруға міндетті;

2) жаңа қызметкерлерді қабылдауды ресімдеу;

3) жаңа қызметкерлермен бейімделу кездесулерін өткізу;

4) кадрлық есепке алуды және кадрлық іс жүргізуді жүргізу функцияларын орындау шеңберінде жүзеге асырылады:

- жеке құрамның есебін жүргізу;

- қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, іссапарға жіберу, демалыс беру, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтарды рәсімдеу;;

- еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау;

- қызметкерлерге демалыс беру есебін жүргізу, кезекті демалыс кестесін құру;

- қызметкерлердің еңбек қызметі туралы анықтамалар беру;

- ауруханалық парақтардың дұрыс рәсімделуінің есебін және тексеруін жүргізу.

-Т-2 нысанын жасау;

- жұмыс уақытын есепке алу табельдерін уақтылы жасау;

- кадр бөлімінде кадрлық құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету (еңбек шарттары, жеке құрам бойынша бұйрықтар және олардың негіздері, есепке алу журналдары);

- ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары үшін жеке құрам бойынша бұйрықтарды ресімдеу. Тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады. Кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады. Конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Персоналды басқару стратегиясын әзірлейді және іске асырады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде кіріс хаттар мен өтініштерге жауап беру.  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін, мәслихат шешімдері мен әкімдік қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындайды. Өз құзыреті шегінде басқармада ақпараттық қауіпсіздікті сақтау.  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.11.2022 – 21.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

24.11.2022

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

Сайлауова Г. М. тел: 8 7222 (523270) (312 кабинет)