Абай облысының білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы (№06-1, функционалдық блок А)
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оның алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім жұмысын белгіленген тәртіпте ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру, олардың орындалуын бақылайды және талдайды;
Мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды (БДМБ, АДБ және қызметтің өзге бағыттары бойынша), басқарманың жоспарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша қол жеткізу;
Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;
Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;
Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;
Өзінің құзыреттілігі шегінде өңірлік бағдарламалар әзірлеуге, ақпаратты, анықтама материалдарын дайындауға қатысу;
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша білім басқармасының алқасына, облыс әкімдігінің отырысына, мәжілістерге материалдар дайындау; Алқа отырысы мен кеңестер жұмысына қатысу;
Өз құзыреті шегінде облыстық арнайы мектеп-интернаттардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша анықтамалар, баяндамалар, басшылық үшін сөз сөйлеу мәтінін, мақалалар даярлауды жүзеге асыру;
Балаларды тәрбиелеу және олардың құқығын қорғау мәселелері бойынша ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарын нормативтік-құқықтық құжаттамалармен қамтамасыз ету;
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ҚР Заңдарын, Президент Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын орындау бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;
Балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестікте болу; Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына бағыттауға арналған құжаттарды дайындау;
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, облыстық мектеп интернаттардың, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының оқу-тәрбие жұмысының жағдайына бақылау жасау;
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіру. Осы мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдармен және білім беру мекемелерімен өзара әрекет ету;
Ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының педагог кадрларын аттестаттауға қатысу;
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық есептерді, ақпараттарды, анықтамалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау, құруды жүзеге асыру;
Өз құзыреттілігі шегінде білім беру ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетуін үйлестіру және бақылау;
Бөлімнің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жұмысын талдау, олардың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына ұсыну;
Бөлім құзыреттілігіне енетін мәселелер жөніндегі ОжАМ, білім басқармасының бұйрықтарын, облыстың қалалары мен аудандарындағы білім беру бөлімдеріне уақтылы жеткізуді және орындауды қамтамасыз ету;
Жылдық есептерді жинауға, әзірлеуге және өткізуге бақылау жасау;
Аймақтағы балалардың жағдайы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
Жетекшілік ететін мәселелері бойынша бұйрық, облыс әкімдігінің қаулы жобасын қарауға енгізу;
Өз құзыреттілігі шегінде қолданыстағы ҚР заңнамаларына сәйкес педагог және басшы кадрларды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
Бөлім бойынша істер номенклатурасы мен лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу және қалыптастыру;
Бөлім құзыреттілігі шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау бойынша бөлім жұмысын үйлестіру. Іс-қағаздардың қолданыстағы заңнамаға сай жүргізілуін қамтамасыз етеді;
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған және өзге мемлекеттік органдарға, мекемелерге жіберілетін ақпараттарды, анықтамалық және сараптамалық материалдарды уақтылы, сапалы дайындауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге алғысы келетін азаматтар туралы мәліметтердің Республикалық базасын қалыптастыру және қолдану бойынша жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз ету;
Өзінің құзыреттілігі шегінде бағалаудың сәйкес бағыттары бойынша Басқарманың қызмет тиімділігін бағалауға арналған материалдардың даярлануына бақылауды жүзеге асыру;
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай-ақ жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет;
Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау;
Өз құзыреттілігі шегінде басқарманың мамандары және бөлімдерімен заң, нормативтік құқықтық актіні сапалы орындау бойынша жұмыста өзара әрекет ету;
Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды;
Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.sailauova@akimatabai.gov.kz
- 23.11.2022
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. тел.8 (7222) 523270 (311 кабинет)