Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы жоспарлау, қаржыландыру, есепке алу және есептілік бөлімінің бас маманы, (№ 2-2, функционалдық блок Б)
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Басқарманың қаржы қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру. Қаржыландыру жоспарын орындау барысында туындайтын есептеулерді уақтылы жүргізу. Еңбекақы төлеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылықтың жұмысын жүзеге асыру және ұйымдастыру. Белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептілікті жасау және денсаулық сақтау мекемелерінің қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу. Түсетін ақшалай қаражаттарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі құралдарды толық есепке алу, сондай-ақ олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету. Ұзақ мерзімді экономикалық нормативтерді дайындауға қатысу. Басқарма мен ведомстволық бағынысты мекемелерді қаржыландыру бойынша Қазынашылықпен операциялар жүргізу. Ұзақ мерзімді экономикалық нормативтерді дайындауға қатысу. Қаржы басқармасы бекіткен мерзімде және нысан бойынша есептілікті қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.sailauova@akimatabai.gov.kz
- 16.11.2022
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
-
Сайлауова Г. М. тел: 8 7222 (523270) (312 кабинет)