«Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ Экономикалық саясат және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы (Д-О-4 санаты) (1 бірлік) (№ 2-3) (функционалдық блок В)

Мемлекеттік орган

«Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243698

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдайды және мониторинг жасайды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, министрліктер мен ведомстволардың, облысы әкімдігінің тапсырмаларын, депутаттар бағдарламаларын, облыс мәслихаты сауалдарын орындау бойынша мүдделі облыстық мемлекеттік мекемелер және Басқарма бөлімшелерінің мәліметтері негізінде жинақ ақпарат қалыптастырады және мониторинг жүргізеді.  Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша ай сайынғы анықтаманы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне дайындайды. Абай облысының қалалары мен аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының ай сайынғы ішкі өңірлік талдауын статистика органдарының деректері және басқа да ресми есептілік көздері негізінде нақты тұжырымдары бар қажетті талдамалы анықтаманы дайындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау бойынша ақпарат дайындайды. Өткен жылдың қорытындылары негізінде Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму паспортын, сондай-ақ мүдделі облыстық мемлекеттік мекемелер мен басқарма бөлімшелерінің материалдарын жыл сайын әзірлейді. Абай  облысы бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жиынтық ақпаратты дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша ведомствоаралық сипаттағы тапсырмаларды іске асыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын қалыптастырады, олардың орындалуын бақылайды, бекітеді және келіседі.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2022 – 16.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: (құжаттардың жалпы көлемі: 20 МВ дейін)

Сұхбаттасу күні

21.09.2022

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Сайлауова Г.М. тел.8 (7222) 523270 (311 кабинет)