«Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ Мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлімінің басшысы, (Д-О-3 санаты) (1 бірлік) (№ 03-1) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Биотехнология
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асыру. Облыста мал шаруашылығын дамытудың тұрақты мониторингін жүргізу, кредиттік Мемлекеттік бағдарламалар, инновациялық жетістіктер негізінде жаңа құралдарды жетілдіру, енгізу бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеу, жалпы үйлестіру және оларды орындауға қатысу. Мал шаруашылығын дамытуға инвестициялар тарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз ету. Аграрлық нарық қатысушыларына мемлекеттік аграрлық саясаттың негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктерін түсіндіру. Мал шаруашылығы саласындағы саясат және экономикалық қайта құру мәселелерінде жергілікті атқарушы органдар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ақпараттық қамтамасыз ету. Мал шаруашылығына қатысты «облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды енгізу» 019 бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингі және қаржылық есептерді талдау, іріктеу, қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады. Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімі мен есебін жүргізуді бақылауды ұйымдастырады. Бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне, мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялау бағдарламасын іске асыруға ұсыныстар мен есептер енгізеді. Жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытуды және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етуді жүзеге асырады. Облыс әкімінің шешімдерін, облыс әкімдігінің мал шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласындағы қаулыларын дайындайды. Жұмыс жоспарына сәйкес облыс әкімдігінің отырысы үшін баяндамалар мен материалдар дайындауды жүзеге асырады. Мал шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бойынша облыстық іс-шараларды өткізу үшін материалдар дайындайды. Мал шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелеріне қатысты ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін облыстық семинарлар мен кеңестер өткізуді ұйымдастыруға қатысады. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің экономикалық және техникалық саясатының негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету. Азық-түлік нарығына қатысушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, облыс және республика өңірлері бойынша жергілікті нарық конъюнктурасын зерделеу. Азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары өнімдерінің өңірлік жәрмеңкелері мен көрмелерін өткізуді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерінің, мәслихат шешімдерінің және әкімдік қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді.Құжат айналымының бірыңғай жүйесінде орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Өз құзыреті шегінде басқармада ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Ақпаратпен қамтамасыз ету және интернет ресурстардың бірыңғай платформасында және МОИП-тағы «құжаттар кітапханасы» модулінде орналастыруды жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.sailauova@akimatabai.gov.kz(құжаттардың жалпы көлемі: 20 МВ дейін)
- 13.09.2022
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. тел.8 7222 523270 (312 кабинет)