«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ Дене шынықтыру, жоғарғы спорт жетістіктері және спорттық резерві бөлімінің бас маманы, (Д-О-4 санаты) (1 бірлік) (№03-3-1) (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Жеке және заңды тұлғалардың әртүрлі өтініштерін қарайды, дене шынықтыру және спортқа қатысты бөлігінде инвестициялық жобаларды қарайды, жан басына қаржыландыру бойынша мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады, салалық нормативтік-құқықтық құжаттарды, қаулы жобаларын дайындаумен айналысады. Облыстың, қалалық агломерацияларын және моноқалаларын, тірек ауылдарын дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарында, еңбек ұжымдарында,  тұрғылықты жерлерде және  халықтың жаппай демалыс орындарында, еңбек клубтарында бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Ведомстволық статистикалық есептілікті жүргізеді. Облыстық құрама командалардың бұқаралық,  ұлттық спорт түрлеріне, мүгедектер спортына  талдау жүргізеді. Сабақ өткізу кезінде спорттық ғимараттарында спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сонымен қатар қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын сақталуы бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Спорт ғимараттарын пайдалану бойынша дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық бірлестіктер, кез келген меншіктегі ұйымдар, спорттық федерациялар мен клубтардың жұмыстарын үйлестіріп  жүзеге асырады.

Спорт ғимараттарын пайдалану және дамыту мәселелері бойынша семинар – кеңестерді ұйымдастырады, қатысады; спорт ғимараттарына статистикалық есеп жүргізеді; жоғары тұрған органдардың бөлім құзыретіне кіретін тапсырмаларын, және азаматтардың және заңды тұлғалардың келіп түскен құжаттардың уақтылы орындалуы  бойынша бақылауды жүзеге асырады. Бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыс құрама командаларының дайындығын және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Облыстың спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін әзірлейді, іске асырады және орындалуын бақылайды; республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысу үшін бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыс құрама командаларының дайындығын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады; Бұқаралық, ұлттық, мүгедектер спорт түрлері бойынша спорт резервін даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыстың аға жаттықтырушыларының жұмысын бақылайды. Бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыс құрама командаларының өнер көрсетуіне талдау жүргізеді; бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша облыс құрама командаларын және спорт резервін даярлау жөніндегі жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; Облыста бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелері бойынша аудандық спорт бөлімдерімен, қоғамдық және спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; халықтың дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін енгізу бойынша мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.08.2022 – 31.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.09.2022

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Сайлауова Г.М. тел.8 7222 523270 (312 кабинет)