«Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, (Д-О-3 санаты) (1 бірлік) (№ 04-01) (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Ветеринария
  • Денсаулық сақтау
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Дефектология
  • Математика
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Ардагерлер туралы" Заңдарының, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" № 26 бұйрығының орындалуын бақылау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді. Облыстық және аудандық семинарлар, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарымен, үкіметтік емес ұйымдармен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, қызмет алушы Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын орындау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді жоспарлайды және жүргізеді. Үйлестіру кеңесіне, әкімдікке материалдар дайындауды қамтамасыз етеді. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық құжаттардың индикаторлары мен көрсеткіштерінің іске асырылуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді. Қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және басқа да мәселелер бойынша жұмысын үйлестіреді; Бөлім жұмысының тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізеді және қызметкерлердің тиімділігіне ай сайынғы бағалау жүргізеді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында Жеңіс күніне, Қарттар күніне, Мүгедектер күніне, "Үздік әлеуметтік жоба" конкурсына және т. б. арналған жыл сайынғы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады. Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыру, мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін техникалық оңалту құралдарын сатып алу бойынша құжаттарды (оның ішінде техникалық ерекшеліктерді) дайындау. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді. Өңірдегі әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу процесіне мониторингті жүзеге асырады. Қызмет көрсету бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын іске асыру мониторингі жеке көмекшіні және ымдау тілін ұсыну, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, мүгедектерге арналған протездік-ортопедиялық бұйымдармен, тифлотехникалық, сурдотехникалық құралдармен, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету. Құзыреті шеңберінде басқарма басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.08.2022 – 18.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.08.2022

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Сайлауова Г.М. тел.8 7222 523270(311 кабинет)