«Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ Бюджеттік саясат және кірістерді болжау бөлімінің бас маманы (Д-О-4 санаты) (1 бірлік) (№ 4-2) (функционалдық блок А)

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерді әзірлеуге қатысады. Үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет жобасын әзірлеуге қатысады және құзыреті шегінде облыстық бюджет комиссиясының қарауына материалдар дайындайды. Күрделі жөндеуге, материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған қаражат бағыттары бойынша қалалар мен аудандар бюджеттерінің жиынтық талдауын жүзеге асырады. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың бюджет параметрлерінің болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, олар бойынша белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу үшін қорытындылар дайындайды. Облыстың жергілікті өкілді және атқарушы органдары бөлінісінде мемлекеттік қызметшілердің саны мен жалақы қоры туралы тоқсан сайынғы есепті жүргізеді. Облыстық бюджеттің орындалуы бойынша есептерді қарайды. Облыстық бюджет комиссиясының хаттамаларынан үзінділерді рәсімдейді. Облыстық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулы дайындауға қатысады. Үш жылдық кезеңге арналған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін облыстық бюджет шығыстарының лимиттерін айқындауға қатысады. Қалалар мен аудандардың нысаналы трансферттері бойынша жиынтық мониторингті жүзеге асырады. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін дайындайды. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға қатысты мәселелерді қарайды (кредиттік шарттар). Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бағдарламасы бойынша жиынтық мониторингті жүзеге асырады. Талдамалық материалдардың уақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалпы сипаттағы трансферттер мәселелері бойынша кеңестерді, отырыстарды, дөңгелек үстелдер мен форумдарды ұйымдастыруға қатысады. Мемлекеттік реформалар жөнінде кеңестер, отырыстар, дөңгелек үстелдер және Форумдар үшін материалдар, баяндамалар, тұсаукесерлер дайындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2022 – 17.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.08.2022

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

Сайлауова Г.М. тел.8 (7222) 523270