«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ Инвестиция тарту және туризмді дамыту бөлімінің бас маманы, (Д-О-4 санаты) (1 бірлік) (№ 3-2) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Туризм
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Өңірге инвестициялар тарту мақсатында инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;Өңірдегі инвестициялық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша елшіліктермен, орталық мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, даму институттарымен, облыстық және аумақтық ұйымдармен, аудандар мен Семей қаласының әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жасау;Инвестициялар бойынша статистикалық деректердің күтілетін көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша аудандар мен Семей қаласының әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жасау (негізгі капиталға инвестициялар көлемі, негізгі капиталға жеке инвестициялар көлемі, негізгі капиталға сыртқы инвестициялар көлемі); Бөлім қызметінің бағыты бойынша даму бағдарламаларының салалық бөлімін әзірлеуге қатысу; Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша өңірлік кеңестің қызметін ұйымдастыру;Әлеуетті инвестициялық тауашаларды талдамалық зерттеулер негізінде инвестициялық ұсыныстар қалыптастыру; Консультациялық қызметтер көрсету және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу;Әлеуетті инвесторлардың, оның ішінде Трансұлттық және басқа компаниялардың сапарларын ұйымдастыру;Инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен іскерлік келіссөздер дайындау және жүргізу;Инвестициялық тақырып бойынша инвестициялық форум, конференциялар және семинарлар өткізу; Инвесторлардың туындайтын мәселелерін шешуге, оның ішінде құрылтай құжаттарына сәйкес қолда бар өкілеттіктері шегінде орталық мемлекеттік органдармен және ұйымдармен кездесулерге бастамашылық ету арқылы жәрдем көрсету;Бөлім қызметінің мәселелері бойынша материалдарды, есептерді, баяндамалардың Талдамалық жазбаларын, мақалаларды дайындау;Инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізу; Қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңдерде инвестициялық жобаларды ілгерілетуді үйлестіру және іске асыру мониторингі;Инвесторлардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастыру;Өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетуге қатысу, оның ішінде Қазақстан Республикасының елшіліктеріне және шетелдік мекемелеріне өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;Ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері ұйымдастырған инвестициялық тақырып бойынша іс-шараларға қатысу;Ақпарат дайындау және Абай облысының инвестициялық порталын толтыру;Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу және қажет болған жағдайда оларды үйлестіру кеңесінің отырысына енгізу.Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар үшін деректерді жасау үшін есептерді ұсыну;Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу;Жеке және заңды тұлғалардың арыздарымен, өтініштерімен, шағымдарымен жұмыс, оларға жазбаша жауаптар дайындау.Қызмет бабында пайдалану үшін белгісі бар құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды сақтау.Бөлімнің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру.Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамалық, нормативтік және нұсқаулық материалдарды зерделеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.08.2022
- Абай облысы Семей қаласы, КайымМұхамедхановкөшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. тел.8 7222 523270(311 кабинет)