«Абай облысы әкімінің аппараты» ММ Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы, (Д-4 санаты) (1 бірлік) (№ 13-04) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылған тұлғаларға наградалық құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етеді. Бекітілген ережеге сәйкес «Абай облысының құрметтi азаматы» атағын беруге кандидатураларды ұсыну бойынша мәслихатқа материалдар дайындайды. Наградтау іс қағаздарын жүргізуді, награданы табыс етуді ұйымдастыруды, награда алғандардың есебін жүргізуді, тиісті деректер банкін жүргізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылған азаматтардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияның қарауына наградалық материалдарды дайындауды жүзеге асырады. Мұрағатқа сақтауға өткізуге наградалық құжаттарды ресімдейді. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне наградалық материалдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыру бойынша тоқсан сайынғы есептерді уақытында жолдауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік наградалардың уақытында тапсырылуына және облыстың қалалары мен аудандары әкімдері аппараттарының есеп берулеріне бақылау жүргізеді. Жергілікті атқарушы органдардың кадрлық қызметтерімен наградалық істерді ресімдеу, ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, осы жұмыс бойынша практикалық көмек көрсетеді. Қалалар мен аудандар әкімдері аппаратарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалардың теріс себептермен жұмыстан босатылған, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтерді ай сайын жинақтауды қамтамасыз етеді, талдамалық материалдар дайындайды. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарына біліктілік талаптарын әзірлейді. Абай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қызметік тексеру жүргізу және тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты ұйымдастырады және процедураларының сақталуын қамтамасыз етеді. Абай облысы әкімі аппаратының конкурстық және кадр мәселесі бойынша басқа комиссияларының жұмысын ұйымдастырады. Наградаға ұсынылған көпбалалы аналардың және мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынылған үміткерлер бойынша бірыңғай республикалық мәліметтер базасын уақытында толықтыруды қамтамасыз етеді. Бөлімнің қызметі құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптар, анықтамалар, ақпараттар, хаттар, мінездемелер әзірлеу, орындалған құжаттарды бақылаудан алады. Өз өкілеттігі шегінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.08.2022
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. тел.8 7222 523270