«Абай облысы әкімінің аппараты» ММ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы, (Д-3 санаты) (1 бірлік) (№ 17-01) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Бөлімнің әрбір жұмысшысының міндеттері мен лауазымдық өкілеттіктерін айқындайды. Облыс әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымы мен штат кестесін ұсынады. Бөлімнің жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді. Облыс әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімнің және облыстық әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобасын енгізеді. Облыстың жергілікті атқарушы органдарының экономиканың негізгі салаларын цифрландыру саласындағы бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын іске асыруына бақылауды жүзеге асырады. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларын цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, қарауға және келісуге бақылауды жүзеге асырады. Бөлімдегі істер номенклатурасының жүргізілуін, бөлім қызметкерлерімен құпиялылық режимінің сақталуын қадағалайды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша аймақтың қызмет берушілер мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді. «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын дайындау. «Мемлекеттік аппаратты жаңғырту» (азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік орган қызметінің аясын/саласын/өңірін цифрландыру» жобалық қызметі саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға қатысады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және орталық мемлекеттік органдармен әрекеттеседі. «Мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына талдау мен мониторинг бойынша жұмыстарды жүргізеді. Әдістемеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бойынша облыс әкімдігінің қызметінің тиімділігін бағалауда индикативтік көрсеткішке жетуге талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және бекітілген Жоспар бойынша жергілікті атқарушы оргадармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың өтініштерін қарастырады. Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды қабылдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бекіту туралы қызмет көрсетушілерді уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тоқсан сайын ішкі мониторинг өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындыларының талдауын жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастырады (кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер). Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарғаәдістемелік пен тәжірибеліккөмек көрсетеді. Облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша жүргізілетін жұмыстарға кешенді тексеру жүргізуге қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.08.2022
- область Абай, г. Семей, ул. Каюма Мухамедханова, 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. тел.8 7222 523270