«Абай облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру және бақылау- инспекторлық жұмыс бөлімнің бас инспекторы, (Д-3 санаты) (1 бірлік) (№ 10-06) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
328423
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз етеді. Облыс әкiмi орынбасарының жұмысын жоспарлауға қатысады. Жетекшілік ететін басқармалардың облыс әкімінің хаттамалық шешімдерін орындауына бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкiмiнің орынбасарының қалаларға, аудандарға, жергiлiктi мемлекеттiк органдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге жұмыс бабымен баруын ұйымдастырады. Облыс әкiмiнің орынбасарының облыстық басқармалар, департаменттер, кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларымен қызметтiк кездесулерiн ұйымдастырады. Жетекшілік ететін облыстық басқармалар және өңірлік департаменттермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, оларға жоғарғы органдардың нормативтік-құқықтық құжаттарын орындау бойынша жұмысын ұйымдастыруға, жұмысының стилі мен әдіс-тәсілдерін жетілдіруіне, бар кемшіліктерді жоюына әдiстемелiк және тәжірибелік көмек көрсетеді. Істер номенклатурасы құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялылық режимді сақтайды. Облыс әкiмiнің орынбасары және әкім орынбасарларының жанындағы кеңестерге қатысады. Облыс әкiмi орынбасарының тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттiк мекемелерге және лауазымды тұлғаларға орындалуы міндетті тапсырмалар бередi. Облыс әкімінің орынбасарына ұсынылатын материалдардың сапалы әзірленуін қамтамасыз етеді. Облыс әкiмiнің орынбасарының қызметiн қамтамасыз ету үшін облыс әкiмi аппаратының басқа да құрылымдық бөлiмшелерiмен, облыстық басқармалармен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Облыс әкiмiнің орынбасарының қарауындағы мәселелерге қатысты құжаттар және материалдарды аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнен, мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан сұратады. Өз қызметiнiң мәселелері бойынша облыс әкiмiнің орынбасарының қарауына ұсыныстар енгiзедi. Қызметтiк мiндеттерін тиiмдi орындау үшiн өзінің кәсiби деңгейi және бiлiктiлiгін арттырады. Облыс әкiмінің орынбасарының, бөлiм басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды. Облыс әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін жартыжылдыққа арналған мәселелер тізбелерін әзірлеуге ұсыныстар енгізеді. Облыс әкімінде, облыс әкімінің орынбасарында, аппарат басшысында кеңестер өткізуді ұйымдастырады. Мереке күндері облыс әкімі аппаратында облыстық басқармалардың лауазымды адамдарының кезекшілік кестесін әзірлейді. ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне және ҚР Президенті Әкімшілігіне беру үшін облыс бойынша жедел ақпаратты жинақтайды. Облыс әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен бірлесіп, облыс әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін басқармалардың атына қала және аудан әкімдерінің есеп беру кездесулерінде айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың орындалу барысын бақылайды. Электрондық құжат айналымы жүйесiнде жұмыс iстейдi, атап айтқанда:
- облыс әкiмi орынбасарларының қарарларын бұлтты құжат айналымы жүйесiне енгiзу (БҚАЖ);
- дербес ММ орындаушыларының құжаттарды орындауын бақылау;
- атқарушы органдардың құжатты орындауынан кейiн «Орындау» электрондық карточкасын жасау;
- облыс әкiмiнің аппараты басшысының ЭЦҚ-мен құжаттардың жобаларына қол қою;
- орындалған құжаттарды электрондық карточка негiзiнде бақылаудан алу.
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарына, аппарат басшысына жетекшілік ететін басқармалардың, облысты дамытудың өзекті мәселелері бойынша талдамалық ақпарат дайындайды. Қаланың/ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы паспортын дайындауға жәрдемдеседі, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді. Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, сайлаушылар санын тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүзеге асырады, ЖҚБ базасымен жұмыс істейді, ОСК-мен, облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен және облыстық мәслихатпен өзара іс-қимыл жасайды. Сайлау науқандарына, референдумдарға дайындықты ұйымдастырады. Орталық сайлау және облыстық аумақтық комиссиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қалалар мен аудандардың әкімдерін, облыстың мемлекеттік органдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді. Абай облысының халықаралық ынтымақтастығын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Облыс басшылығымен шетелдік делегациялардың ресми қабылдауларын, кездесулерін ұйымдастырады. Халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер және шет мемлекеттердің өкілдерімен келіссөздер ұйымдастырады; сондай-ақ осы іс-шараларға қатысады. Облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде қол қойылған халықаралық/сыртқы қызмет бойынша іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындайды және жедел бақылауды қамтамасыз етеді. Белгіленген тәртіппен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өкімдік құжаттардың орындалуына бақылауды, бөлім қызметіне қатысты құжаттарды, азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін және шағымдарын талдауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Абай облысының халықаралық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі жұмысқа талдау жүргізеді. Абай облысы өкілдерінің республикалық, аймақаралық, халықаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Бөлім басшысының және облыс әкімі аппараты басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды, оның ішінде бақылау құжаттарымен жұмыс жасау бойынша. Жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты тапсырмаларын орындайды (іс-шараларға қатысушыларды орналастыру, кәдесый өнімдерін сатып алу, Абай облысының әкімі мен аппарат басшысының қатысуымен кеңестер өткізу кезінде залдарды дайындау). Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтап, АҚ жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.08.2022
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. тел.8 7222 523270