«Абай облысы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік құпияны қорғау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшенің бас инспекторы (ақпараттық қауіпсіздік саясатын сақтау жөніндегі), (Д-3 санаты) (1 бірлік) (№ 09-02) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
328423
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама (бұдан әрі – АҚ ТҚ) талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Тиісті ережелер мен нұсқаулықтардың жобаларын әзірлейді және жүйелі түрде олардың орындалуын тексереді. Қазақстан Республикасының заңнамасына және АҚ саласындағы стандарттарға сәйкестігіне АҚ-ның құжаттамалық рәсімделуіне бақылауды жүзеге асырады. АҚ қамтамасыз ету бөлігінде активтердің басқарылуына, атап айтқанда компьютерлерді, серверлерді, жергілікті желілерді қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті жабдыққа қызмет көрсетуге қосалқы мердігерлікке тартылған үшінші тарап ұйымдарының АҚ талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады. Бағдарламалық жасақтаманың пайдаланылу заңдылығына бақылауды жүзеге асырады. Тиісті лицензиялар немесе сертификаттардың болуын тексереді. АКТ саласында тәуекелдердің басқарылуына бақылауды жүзеге асырады. АҚ саласында қызметтік ақпараттың таралуы, облыс әкімі аппаратының мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелеріне заңсыз кіруі тұрғысындағы тәуекелдерге талдау жүргізеді. АҚ жүргізу және тәуекелдерін өңдеу жұмысын жүргізеді. АҚ жай-күйіне байланысты оқиғаларды тиісті журналда тіркейді және уәкілетті органды хабардар етеді. АҚ-ға ішкі аудит жүргізеді. Облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың, қалалық және аудандық әкімдіктер, ауылдық округтер, кенттер, аудандық маңызы бар әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелерінің АҚ талаптарына сәйкестігін тексереді. Сыртқы сарапшылардың қаражатын тарту бойынша АҚ сыртқы аудитін жүргізуді ұйымдастырады. АКТ қолданатын бизнес-процестердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады. Дағдарыс жағдайларында ақпараттық жүйелер мен сервистерді басқару үшін ұйымдастыру және техникалық іс-шараларды жүргізеді. Дағдарыс жағдайында қауіпсіздік техникасы, активтерді қорғау, өрт қауіпсіздігі, ақпаратты қорғау бойынша іс-шаралар қамтылған іс-қимыл жоспарын әзірлейді. Персоналды басқару кезінде АҚ талаптарын сақтауға, атап айтқанда логиндер және құпиясөздер енгізу арқылы қолданушылардың ақпараттық жүйелерге қол жеткізу құқығын межелеу бойынша бақылауды жүзеге асырады. Жұмыстан шыққан қызметкерлердің ақпараттық жүйелерге қол жетімділігін шектейді. «Электронды үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің АҚ жай-күйіне, сондай-ақ «Электронды үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуінің ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың, қалалық және аудандық, ауылдық округ кент, аудандық маңызы бар қала әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелеріне АҚ саласындағы мәселелер жөнінде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді. АҚ саласындағы өкілетті органға жыл сайын АҚ саласы бойынша бірыңғай талаптарды орындау туралы есепті ұсынады. Облыс әкімі аппаратының ғимаратында техникалық барлаудан ақпаратты қорғау бойынша басшылықты әзірлейді. Техникалық каналдар арқылы мүмкін болатын шығыстар, сонымен қатар шифрленген байланыс жүргізу барысында мемлекеттік құпияларды қорғау шараларын ұйымдастырады және жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.08.2022
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
Сайлауова Г.М. 8 7222 523270