«Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ мемлекеттік қызметтер және жиынтық-талдау жұмысы бөлімінің бас маманы, (№ 05-03) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты мекемелердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасындағы заңдылықтың, дұрыс және біркелкі қолдануының сақталуын қамтамасыз етеді. Ағымдағы заңнамаға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне мониторингті жүзеге асырадыбасқарма қызметін реттейтін мәселелер бойынша нормативтік немесе құқықтық тәртіп актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысады, құқықтық сипаттағы құжаттарды басқа мамандармен бірлесіп әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша басқарма басшысының тапсырмалары бойынша ақпарат, хаттар дайындайды. Басшының бұйрығына сәйкес түрлі комиссиялардың жұмысына қатысады. Шарттарды қарайды, шарттардың, келісімшарттардың, келісімдердің жобаларын дайындайды, олар бойынша қорытындылар береді, олардың қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігін тексереді, оларға бұрыштама қояды, басқа құрылымдық бөлімшелермен үйлестіре отырып барлық құжаттарға заң сараптамасын жүзеге асырады және келісімшарттардың орындалуын қадағалауға жәрдемдеседі. Белгіленген тәртіппен басқарманың қызметі бойынша әкімнің, әкімдіктің, мәслихаттардың қаулыларын, өкімдерін тіркеуді және сақтауды жүргізеді. Ұжымдық, жеке еңбек шарттарында, осы лауазымдық нұсқаулықта белгіленген өкілеттіктер шегінде басқарма қызметінің құқықтық мәселелері бойынша мемлекеттік ұйымдармен және мекемелермен, жергілікті билік органдарымен, кез келген меншік нысанындағы заңды тұлғалармен байланысты жүзеге асырады. Құқықтық ағарту және құқықтық мәдениетті арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының орындалуы бойынша мониторингті қамтамасыз етеді. Басқармаға, ведомстволық бағынысты ұйымдарға келіп түсетін ұсынымдардың және бақылау қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды. Бағалау критерийлеріне сәйкес басқарма қызметінің тиімділігін бағалауға бақылауды жүзеге асырады, мониторинг жүргізеді, жоғары тұрған органдарға ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Құзыреті шегінде өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мансаптық орталықтардың, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына кешенді тексерулер жүргізуге қатысады. Басқарма басшылығына, бұқаралық ақпарат құралдарына, облыс әкімі аппаратына, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға жиынтық және есепті деректерді, анықтамаларды, талдамалық, статистикалық және ақпараттық материалдарды уақтылы сапалы дайындауды қамтамасыз етеді. Басқарманың басқа бөлімдерімен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысының, Үкіметтің, ОМО, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының, облыс әкімі аппаратының басшысының, басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша жиынтық деректерді уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді. Түрлі іс-шараларды, кеңестерді, конкурстарды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды, конференцияларды және т. б. дайындауға және өткізуге қатысады. Басқарманың қызметіне қатысты ресми хабарламаларды, сарапшылардың түсініктемелерін және басқа да ақпараттық материалдарды БАҚ-та, әлеуметтік желілерде таратады. Бақ үшін Басқарманың қызметіне қатысты ресми хабарламалар дайындауды жүзеге асырады. Жұмыста қажетті мәтіндік материалдарды жазуды жүзеге асырады. Басқарма өкілдерінің телерадио бағдарламаларына қонақтар мен сарапшылар ретінде қатысуы туралы келіссөздер жүргізеді. Басқарманың қызметі туралы мақалалар жариялауды, сюжеттерді БАҚ-та орналастыруды ұйымдастырады. Журналистердің баспасөз конференцияларына, брифингтерге, басқарма басшысының, басқарма басшысының орынбасарларының БАҚ өкілдерімен сұхбаттарына қатысуын ұйымдастырады. Басқарманың қызметі туралы жарияланған мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Тиісті бағдарламалар мен ақпараттық жүйелерде жұмыс істейді. Құзыреті шеңберінде және заңда белгіленген мерзімдерде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша анықтамалар, ақпараттар, хаттар, жауаптар дайындауды қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
b.tabigatov@akimatabai.gov.kz
- 09.06.2026
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99