«Абай облысы әкімінің аппараты» ММ жиынтық-талдау және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімінің бас инспекторы (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін), (№18-02) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін облыстық басқармалар мен аудандар бойынша облыс әкімінің хаттамаларының орындалуын бақылайды және орындалуына баға береді. Жетекшілік ететін облыстық басқармалар мен аудандар бойынша облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылайды. Облыс әкімінің кеңестеріне қатысады. Жетекшілік ететін облыстық басқармалар мен аудандар бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және өзге салалардың дамуын көздейтін бағдарламалық құжаттардың және индикаторлардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Жетекшілік жасайтын облыстық басқармалардың және аудандардың облыс әкімінің хаттамаларын, қаулыларын, шешімдерін және өкімдерін орындау бойынша қызметін талдайды және талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, облыс әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қала/аудан әкімдерін, облыстық басқарма басшыларын, олардың орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді. Жетекшілік ететін облыстық басқармалар мен аудандар бойынша облыс әкіміне ұсынылатын материалдарды сапалы дайындауды қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін облыстық басқармалар мен аудандар бойынша жобалық офисте бекітілген жобалардың мерзімінде орындалуын бақылайды. Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан облыс әкімінің қарауындағы мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарды сұратады. Облыс әкімінің, аппарат басшысының және бөлімге жетекшілік ететін орынбасарының, бөлім басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды. Бөлім қарайтын мәселелер бойынша әкімшілік құжаттардың орындалуын қадағалайды, ұсыныстар мен құжаттарға сараптама жасайды. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуын бақылауды жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және ақпараттық қауіпсіздікті техникалық құжаттамасының талаптарына сай міндеттемелерді орындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының, оның ішінде «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімдігінің үлгілік регламентіне сәйкес жетекшілік ететін облыстық басқармалар мен аудандар бойынша материалдарды сапалы дайындау және ұсыну (жүргізу тәртібі, хаттама және қаулы жобасы). Қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 27.03.2026
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99