Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары (№ 01-01) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Математика және статистика
- Сәулет және құрылыс
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Орман шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Жерге орналастыру
- Агроинженерия
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
Экономика және қаржы; кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы; жер қатынастары бөлімдердің қызметін үйлестіру. Ауданның ағымдағы және келешектегі жоспарлау мен болжау мәселелерімен айналысады, аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуын қамтамасыз етеді, ауданның сыртқы экономикалық қызметін, бюджеттік қаражаттың мақсаты пайдаланылуын, бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды, нақты экономика секторында даму бағдарламарын іске асыруды ұйымдастырады, даму институттарымен және мемлекеттік органдармен коммуналдық меншіктегі нысандарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік кірістердің аудандық басқармасымен, аудандық қазынашылықтың бөлімшесімен, статистика басқармасының аудандық бөлімшесімен, екінші деңгейлі банктермен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасымен, «Семей Орманы» МОТР» РММ- мен, жекешелендіру, қоршаған ортаны қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы инспекцияларымен, облыс аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен, су шаруашылығы кәсіпорындарымен, аудандық ветеринариялық қызметпен, «Бесқарағай несие» несиелік серіктестігімен және басқа қаржы-несиелік ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Аудандық комиссияларды басқарады және үйлестіреді: индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру жөніндегі үйлестіру кеңесін, жер пайдалану мәселелері бойынша комиссияны, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру кезінде конкурстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияны, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешенде кластерлер құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары, сауда және қызмет көрсету мәселелерін үйлестіреді, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін, қамтамасыз ету, шекара маңы ынтымақтастығы, салықтар мен бюджетке төлемдер бойынша қосымша резервтерді анықтау, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына ауылдықелді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келгендер әлеуметтік қолдау мәселелерімен айналысады, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің, әлеуметтік – кәсіпкерлік даму жөніндегі штабтың қызметін үйлестіреді. Жұмыс топтары: ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдық округтердің дамуы бойынша, шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі аудандық комиссиялар, аудандық бюджеттік комиссия төрағасының орынбасары болып табылады. Қарамағындағы салалар бойынша аудандық және өңірлік бағдарламаларды іске асырады. Туризмді дамыту, инвестиция тарту шараларын қабылдайды, шағын және орта бизнесті дамыту саласында Кәсіпкерлер палатасымен өзара әрікет етеді. Ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін рейтингтік жүйе бойынша бағалау жөніндегі аудандық комиссияны, кәсіпкерлер кеңесін, инфляциялық процесстерді бақылау жөніндегі аудандық штабты, кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жою жөніндегі штабты және басқа да органдарды басқарады. Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын қалыптастыру, ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу, шаруа қожалықтарын дамыту, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Қазақстан республикасы Президенттің Жолдауында, облыс әкімі мен әкімдігі тапсырмаларында белгіленген бағыттар бойынша жұмыстардың сапалы және толық орындалуына бақылау жүргізеді, өзіне бағынысты салалар бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігінің қабылдайтын қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекеттік саясатына бағынысты салалар бойынша сәйкестігіне, аудан әкімінің тапсырмалары мен өзге де ұйымдастырушылық - басқарушылық сипаттағы құжаттардың орындалуына жеке жауапкершілік атқарады. Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүргізеді. Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары және аудан әкімі тапсырмаларын орындайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 24.12.2025
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99