Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік сатып алу мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс атқару бөлімінің бас маманы (№ 03-03) (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Тапсырыс берушілердің келісімі бойынша уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес Бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу. Конкурс және (немесе) аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуге өтінімдер беру мәселелері бойынша Тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және Веб-порталда бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруларды, конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, ол болған кезде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ басқа да құжаттарды веб-порталда орналастыру. Жүктелген міндеттер шеңберінде соттарда, мемлекеттік органдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында және өзге де ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мүдделерін білдіру. Облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары бойынша тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат жинауды жүзеге асыру. Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептілікті жүргізу. Қалалар мен аудандардың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерімен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік сатып алу мониторингі және мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастырылатын есептілікті жинақтау бойынша жұмыстар жүргізу. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алулары байынша ақпаратқа ай сайын мониторинг жүргізу. Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік кәсіпорындар есептілігі әкімшілерінің келісімі бойынша веб-порталда жұмысты жүзеге асыру, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу есептілігі әкімшілерінің құрылымы бойынша консультация беру. Тапсырыс берушілердің тауарларды (компьютерлік техника, автомобильдер, арнайы техника, жабдықтар және т. б.) және қызметтерді (техникалық қадағалаудың инжинирингтік қызметтері, аудит жөніндегі қызметтер, банк қызметтері, зертханалық қызметтер, ветеринариялық қызметтер, құрылыс-монтаж жұмыстары жөніндегі қызметтер, электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер, жарықтандыру және т. б.) сатып алу жөніндегі техникалық ерекшеліктерін қарастырып конкурс және (немесе) аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және өткізу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау. Ұсынылған есептілік деректерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көрсетілген мемлекеттік сатып алулармен, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдермен есепті деректерді салыстыруды жүзеге асыру. Отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесінің есептілігін жүргізу. Omarket.kz. электрондық дүкен арқылы жұмыс істеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.10.2025 – 14.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

16.10.2025

Сұхбаттасу орны

Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

36-10-99