Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін) (№ 01-03) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Дене шынықтыру және спорт
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Филология
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Әлеуметтік жұмыс
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Қаржы
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
Қажет болған жағдайда қала әкімі болмаған кезде оның міндетін атқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Абай облысы әкімінің, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, қала әкімі тапсырмалары, шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды. 2023 – 2027 жылдарға арналған Абай облысы Курчатов қаласының әлеуметтік - экономикалық даму бойынша кешенді жоспарын әзірлейді. Ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бөлімдеріне басшылық етеді және бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік санитарлы эпиднмиологиялық қадағалау басқармасы, адамдарды құқықтарын қорғау саласында, халықаралық ұйымдар мен партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, жоғарғы оқу орындары, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы мекемелерімен келісімді жұмысты үйлестіреді және қамтамасыз етеді. Білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың, жетекшілік ететін салалық бөлімдердің бюджеттік бағдарламаларының әзірленуін және орындалуын қадағалайды. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын, мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуын, жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік – жеке серіктестіктің дамуын, саяси жағдайлардың және қала дамуындағы аса маңызды мәселелер бойынша мониторинг жүргізілуін, жетекшілік ететін салалық бөлімдер бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын рейтингтік бағалау көрсеткіштерінің орындалуын, жетекшілік ететін салалық бөлімдердің инфляциялық процестерді тежеу мәселелері бойынша жұмыс жүргізуін, халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс жүргізуін және іске асырылуын қадағалайды. Идеологиялық қамтамасыз ету, қоғамдық келісім, халыққа әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери даярлық мәселелері бойынша жұмыс жүргізуін, сайлау науқанының идеологиялық мазмұнын қамтамасыз ету, оның бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын жүзеге асыру және іске асырылуын қадағалайды. Орта, арнайы оқу орындары мен кәсіптік техникалық мектептердің жұмысын, халықтың көші-қон және демографиялық жағдайын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі, ономастикалық, әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі, жалпы білім беретін орта мектептерді бітірген аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балаларға және ата-анасының қорғаншылығысыз қалған балаларға жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсетуге тізімді бекіту жөніндегі, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссияның, ҰОС жылдары кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдар (тыл еңбеккерлері) үшін жұмыс өтілін анықтау жөніндегі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, қолдау және өзге де көмектерді ұйымдастыру жөніндегі, әскер қатарына шақыру комиссияларының жұмысына басшылық етеді. Сапа менеджменті жүйесіне сәйкес өз қызметтерін орындайды (СМЖ).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 08.10.2025
- Абай облысы Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99