Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары (№1) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бастапқы әскери дайындық
- Дене шынықтыру және спорт
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Әлеуметтік жұмыс
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
Жетекшілік ететін салалар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері және тапсырмалары орындалуының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің сапасы мен толықтығын бақылауды қамтамасыз етеді.
Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді. Аудан бойынша білім бөлімімен, медицина мен денсаулық сақтау салаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Ауданда болатын көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады және қадағалайды. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. Бұқаралық ақпараттық құралдарының, мұрағат мекемелерінің, әлеуметтік мәдениетті даму мәселелерін шешеді. Қандастарымыздың тарихи отанына оралуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Мәдениет және спорт, жастар саясаты салаларында реформаларды дамыту, патриоттық тәрбиені қамтамасыз етеді. Аудандағы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша және әлеуметтік қорғау, көші-қон салаларында реформаларды дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Ауданның қоғамдық-саяси жағдайларды сараптайды және болжайды. Діни, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жүргізілуін қамтамасыз етеді. Аудан көлемінде таратылатын басылымдарға сараптама жасап, айына бір рет аудан әкіміне ұсыныс енгізеді. Елді мекендерде хабарландыру, насихаттау жұмысын ұйымдастырады. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Әскерге шақыру комиссиясының жұмысы, алғашқы әскерге даярлықты қамтамасыз етеді. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлім, әскери бөлімшелерімен байланыс жасайды. Жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін салалар бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдайды. Өз құзіретінің шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізеді. Сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2008 сәйкестігін қолдайды. Жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың қызметкерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүргізеді және жауапты. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларға тартады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 08.09.2025
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99