Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығының мониторингі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкерді ауыстыру уақытына (бала күтіміне байланысты демалыс) 2025 жылғы 8 сәуірге дейін) (№ 02-02) (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Облыс әкімі аппаратының, әкім орынбасарларының және облыстық басқармалар мен департаменттердің сұрау салулары бойынша жедел талдамалық мәліметтер жасайды. Уәкілетті органдар мен мансаптық орталықтарды кешенді тексеруге қатысады. Облыс әкімі орынбасарлары мен басқарма басшысының жанындағы алқалар мен кеңестерде қарау үшін ақпараттық материалдарды, жобаларды, баяндамаларды, шешімдер мен өкімдерді дайындауға қатысады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету мәселелері бойынша еңбек мобильділігі орталығы мен мансап орталықтарына әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады. Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізеді, ақпараттық ресурстарды өзектендіруді, толтыруды қамтамасыз етеді. Жұмысшы кадрларды кәсіптік оқыту бойынша көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік гранттар беру үшін электрондық еңбек биржасында бизнес-процестер бойынша мансап орталықтарының жұмысын сүйемелдейді. Субсидияланатын жұмыс орындарының электрондық еңбек биржасында бизнес-процестер бойынша мансап орталықтарының жұмысын сүйемелдейді. Электрондық еңбек биржасында бір реттік ваучерлер, бизнес-процестер беру бойынша мансаптық орталықтарға ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады. Еңбек мобильділігі орталығы ұсынатын есептердің дұрыстығын еңбек нарығының нақты есептерінің «Еңбек нарығы» ААЖ-дан түсірілетін есепті нысандармен сәйкестігін тексереді. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Заңнамалық актілер мен Үкімет қаулыларын, Министрлік бұйрықтарын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, әкім мен әкім орынбасарларының жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттық материалдарды орындайды және дайындауды жүзеге асырады. «Documentolog» базасында электрондық құжат айналымы жүйесінде, «e-otinish» ақпараттық жүйесінде және «Еңбек нарығы» ААЖ ақпараттық базасында жұмыс істейді. Халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде ұсыныстар әзірлейді. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуы бойынша ақпарат дайындауды жүзеге асырады және тексеруші органдар үшін жетекшілік ететін мәселелер бойынша жауаптар дайындайды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, комиссия мүшелерін шақыруға, комиссия қорытындыларының жобаларын дайындауға және басқа да қажетті іс-шараларға жастарға 2,5% жеңілдікті микрокредит беру үшін бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға жастарға 2,5% жеңілдікті микрокредит беру үшін бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді, комиссия отырыстарының хаттамаларына қол қоюды және оларды Тараптарға таратуды, комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша шешімдер дайындауды қамтамасыз етеді және олардың орындалуына бақылау жүргізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.02.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.02.2025 – 21.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

26.02.2025

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

36-10-99