Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары (негізгі қызметкердің еңбек ақысы сақталмайтын демалысы кезеңіндегі уақытша орнына 31.12.2025 жылға дейін) (№ 00-2) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Жерге орналастыру
- Ветеринария
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Туризм
- Кадастр
- Қаржы
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдардың жұмысын үйлестіру. Ауыл шаруашылығымен шағын және орта бизнес салаларындағы маркетингілік қызметті ұйымдастыру, екінші деңгейдегі банктер арқылы несие қаржы беру мәселелері, инвестициялық жобалар мен бизнес жоспарларды сараптамалардан өткізу. Өнім өңдеу, ұқсату мәселелері. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы Заңдардың талаптарын басшылыққа алу. Тұрғындардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылық саласын дамыту, өнім өндеу өндірісі жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын және сапалы ет өнімін өндірушілерді мемлекет тарапынан қаржылық қолдау (субсидиялау) жұмыстарына басшылық жасау, қадағалау және ұйымдастыру. Мал дәрігерлік профилактикалық шаралардың, өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес бағдарламаларының орындалуын қадағалау. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Өсімдіктер карантині туралы» «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заңдары негізінде жұмыстар ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақсуат аудандық аумақтық инспекциясы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Абай облысы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Ақсуат аудандық бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі, ветеринариялық лаборатория, Фитосанитария қызметін үйлестіру. Жәрмеңкелердің өтуін ұйымдастыру. Жер пайдалану, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін материалдық-техникалық, қаржылық қолдау, агроөнеркәсіп кешенінде кластер құру, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығындағы өнімдердің сапасын әлемдік стандартқа сәйкестендіру жөніндегі, инфляциялық процестерді бақылау жөніндегі комиссиялардың жұмысына басшылық жасау. Жер қатынастарын реттеу. Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» талаптарының сақталуына бақылау жасау. Су шаруашылығы, орман және аң шаруашылығы мәселелері. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы негізінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін басқару. Қоршаған ортаны қорғау, экология мәселелері. Табиғи монополия мен бәсекелестікті қорғау мәселелерін қадағалау. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуының; аудан рейтингісінің және ауылдық округ әкімдерінің рейтингісі көрсеткіштерінің; облыстық, сондай-ақ аудандық деңгейлерде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің сапасы мен толықтығын бақылауды қамтамасыз етеді. Аудандық әкімдік қабылдаған қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастыру-өкімгершілік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болады. Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша аудандық әкімдіктің қызметін үйлестіреді. Ауданда туризмді дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты (ИСО-9001) талаптарын орындау. Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді. Өзіне бекітілген ауылдық округтері әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 25.12.2024
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99