Абай облысының құрылыс басқармасы құрылыс бөлімінің бас маманы (№ 03-6-2) (функционалдық блок В)

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Сәулет
  • Дизайн
  • Геодезия және картография
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Кадастр
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Өз құзыры шегінде жұмысына жауапты болады, оның уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Ғимараттар мен құрылыстарды салу, күрделі жөндеу бойынша қызмет көрсететін әртүрлі ұйымдармен жұмыс жасайды; Аймақтың құрылысын мемлекеттік және перспективті дамыту туралы ақпаратты жүйелейді, талдайды және қорытындылайды; Құрылыс ұйымдарының келісімшарттық міндеттерін орындауын бақылайды, қажет болған жағдайда келісімшарттар бойынша арыздық талаптарын жасайды; Құрылыс жоспарларының орындалуына қатысады, жұмыстың аяқталуын бақылайды, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарына, қауіпсіздік стандарттарына, өнеркәсіптік санитарияға, ұтымды жұмысты ұйымдастыру талаптарына және объектілерді уақтылы пайдалануға тапсыруға қатысады; Мердігер ұйымдарының келісілген жобаға сәйкес іс жүзіндегі іске асырылуына сәйкестігі үшін орындалатын актілерді салыстыруға қатысады; Белгіленген тәртіпте объектілерді пайдалануға қабылдауды ұйымдастырады және қатысады; Салынып жатқан құрылыс объектілердің құрылысы бойынша есептілікті жүргізеді; Құрылысты салу, объектілерді реконструкциялау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу тендерлерін ұйымдастыруға қатысады; Аудан әкімдіктеріне ғимараттар мен құрылыстарды салу, қайта құру туралы кеңес береді; Басқа бөлімдермен бірлесіп жаңадан енгізілген объектілерге техникалық төлқұжаттар дайындау туралы өтінімдерді тапсыру жұмыстарын жүргізеді; Әлеуметтік нысандардың техникалық паспорттарын жасау және жаңадан салынған объектілерді коммуналдық меншікке ауыстыру бойынша талдау жүргізеді;  Басқа бөлімдермен бірлесіп жаңадан енгізілген объектілерге техникалық төлқұжаттар дайындау туралы өтінімдерді тапсыру жұмыстарын жүргізеді; Білім беру және басқа да әлеуметтік объектілері құрылысының барысы туралы ақпарат дайындау; Ай сайын ҚР Білім және ғылым министрлігіне және басқ да министрліктерге фотоматериалдарды қолдану арқылы білім беру және басқа да нысандардның құрылысының барысы туралы ақпаратты түрде есеп береді; Аймақтық инженерлік-техникалық қызмет көрсетуде бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы шараларды жүзеге асырады. Мердігер ұйымдар ұсынған орындалған жұмыстар актілерінің бекітілген жобаға сәйкес орындалғандығын тексеруге қатысады. Құрылысты салу, объектілерді реконструкциялау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу тендерлерін ұйымдастыруға қатысады; Құрылыс нысандарының мердігер ұйымдарымен құқықтық мәселелер қаралған кезде  басқарма мүддесін сотта  белгіленген тәртіпте ұсыну; Бейбіт және соғыс кезеңдерінде облыстық инженерлік-техникалық қызметте АҚ және ТЖ  арнайы іс-шараларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.11.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.11.2024 – 02.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

05.12.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

36-10-99