Абай облысы әкімінің аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы (№15-06) (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Облыс бюджетінен қаржыландырылатын облыс әкімі аппаратының және Абай облысы басқармаларының, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссиялардың қызметін ұйымдастырады. Кадр мәселелері бойынша статистикалық деректерді жинауды және аналитикалық материалдарды, анықтамаларды және өзге де қажетті ақпаратты дайындауды қамтамасыз етеді.

Үлгілік біліктілік талаптары негізінде облыс әкімі аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің, облыс басқармалардың басшыларының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітуге енгізеді. Кадр мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша анықтамаларды, ақпараттарды, хаттарды, жауаптарды, мінездемелерді дайындауды, орындалған құжаттарды бақылаудан алуды, бөлімнің жұмыс жоспарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Отставкаға кету институтын іске асыруды және қарамағындағыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін басшыларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз етеді.Қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс басқармалары бойынша ай сайынғы бос орындар туралы мәліметтерді жинауды, қорытындылауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Абай облысы бойынша басқармасына сұраулар дайындауды жүзеге асырады.

Персоналды басқару қызметінің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс және шығыс хат-хабарларын қарайды. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз етеді.Өз өкілеттігі шегінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.11.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.11.2024 – 02.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

05.12.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

36-10-99