Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спортты және спорттық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы (№ 06-3) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
281693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік қызметші мәртебесіне қойылатын талаптарды сақтау.Абай облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларды іске асыру.
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдар тұжырымдамасын», орта мерзімді даму жоспарын, аумақтарды дамыту Бағдарламасын іске асыру, облыстың даму жоспарын іске асыру.Басқарманың жылдық жұмыс жоспарын іске асыру, оған бөлім құзыретіне кіретін өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мекемелерге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ спорт ғимараттарында сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтау мәселелерін үйлестіреді.Жоғары тұрған орган тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған уақытта функционалдық міндеттерін орындайды.
«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс саласындағы құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоспарларды, есептерді, хаттарды, ұсыныстарды, өтініштерді уақтылы дайындау.Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді.Ұлттық спорт түрлері бойынша мәселелерге жетекшілік ету.
1ФК нысаны бойынша жылдық статистикалық есепті жасау.
Облыс әкімінің, облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының, басқарма бастығының хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат дайындайды.
Спорт түрлері бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеуге қатысады, ұсыныстар енгізеді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді.Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларды, азаматтардың өтініштерін орындайды.
Тоқсанға, жылға және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарын құру.
Абай облысы бойынша бұқаралық спортты дамыту мәселелері бойынша меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
Спорт ғимараттарын пайдалану мәселелері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру, спорт бірлестіктерімен, кез келген меншік нысанындағы ұйымдармен, спорт федерацияларымен және клубтармен жұмысты үйлестіреді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Спорт ғимараттарын дамыту және пайдалану мәселелері бойынша семинар-кеңестерді ұйымдастырады және оларға қатысады.Спорт ғимараттары бойынша статистикалық есептілікті жүзеге асырады.Дене шынықтыру мен спортқа қатысты инвестициялық жобаларды қарайды.Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиаданы ұйымдастыру және өткізу.
Басқарманың құзыреті шеңберінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл желісі бойынша жұмыс үшін жауапты болады.
Өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу.
Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру. Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 12.11.2024
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99