Абай облысы әкімінің аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалыс мерзіміне 2027 жылғы 5 шілдеге дейін), (№09-06) (функционалдық блок А).

Мемлекеттік орган

Абай облысының әкімдігі

Аймақ

Абай облысы

Санат

D-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Өтініштерді қарайды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізеді. бөлімнің жұмыс жоспарын жасауға қатысады; жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін күнделікті қабылдауды, оның ішінде телефон арқылы кеңес беруді жүзеге асырады. Облыс басшылығына қабылдауға жазылуды жүргізеді; жеке және заңды тұлғалардың: қағаз жеткізгіште, оның ішінде пошта байланысы арқылы, сондай-ақ бөлімге қолма-қол, Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық-цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін электрондық форматта келіп түсетін өтініштерін қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады; мәселелердің сипатын айқындайды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөледі және оларды әкімге, әкім орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына жібереді; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының «Documentolog» бірыңғай жүйесінде облыс әкімі аппараты басшылығының қолымен өтініштерді қайта бағыттау бойынша өтініштерге жауаптарды, ілеспе хаттарды тіркеуді және жіберуді жүзеге асырады. Электрондық бағдарламада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бақылаудан алуды ресімдейді; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратынан және басқа да жоғары тұрған органдардан келіп түсетін тапсырмаларды «Е-өтініш» АЖ арқылы тіркеу, сондай-ақ осы тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізеді. Қажет болған жағдайда Бөлімнің құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың жауаптарын пысықтауға жібереді;өтініштерге контентталдау жүргізуге қатысады және өтініш берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтама жасайды, аудандар/қалалар бөлінісінде проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізеді, проблемалық мәселелер картасын қалыптастырады, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлейді; облыстың қалаларында/аудандарында және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша жұмыстардың мониторингін жүргізеді; бөлімнің құзыреті шеңберінде облыс әкімі бақылауға алған мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жауаптарының сапасына, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша олар қабылдаған шараларға талдау жүргізуге қатысады; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген нормалар мен мерзімдерді, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бұзушылықтарға мерзімді мониторинг және талдау, орындаушылық пәндер, мониторинг нәтижелері бойынша анықтамалар жасайды; бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс қағаздарын жүргізуді және есепке алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады; бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету бойынша бақылауды жүзеге асырады;облыс әкімінің және оның орынбасарларының, әкім аппаратының басшысының, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, облыс қалаларының/аудандарының әкімдерінің және қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де лауазымды тұлғалардың жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауларын ұйымдастыруын және өткізуін бақылауды жүзеге асырады; облыс әкімінің және оның орынбасарларының, әкім аппаратының басшысының, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, облыс қалаларының/аудандарының әкімдерінің және қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де лауазымды тұлғалардың жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өткізілген жеке қабылдауларының есебін жүргізеді; облыс әкімінің, облыс әкімі аппаратының басшысының жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауларын өткізуді ұйымдастырады, қабылдау барысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылайды; Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісімен бейнеконференцбайланыс форматында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; облыстың қалаларында/аудандарында және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде жергілікті атқарушы органдар басшылығының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды ұйымдастыруын және өткізуін бақылауды жүзеге асырады; жарты жылда бір рет жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде облыс әкімінің, облыс әкімі аппаратының басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндамалары мен талдамалық жазбаларының жобаларын дайындауға қатысады; өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету, өзекті жүйелік проблемалар мен үздік тәжірибелер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейді; өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұйымдастырушылықәдістемелік және ақпараттық көмек көрсетуді бақылауды жүзеге асырады; өз құзыреті шеңберінде мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын және мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидаларын сақтау, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу тақырыптарында оқыту, семинарлар ұйымдастырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және бөліммен өзара іс-қимыл жасайды; орындаушылық тәртіпті нығайту бойынша ұсыныстар енгізеді; өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде облыс әкімі аппаратында, қалалық/аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда іс жүргізудің жай-күйін тексеруді жүзеге асыруды бақылайды; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, облыс әкімі аппаратының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша нұсқама жүргізеді; бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді; облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың, аумақтық инспекциялардың, комитеттердің, департаменттердің бөлімдерінің іс қағаздарын жүргізу, жеке және заңды тұлғаларды қабылдау, олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпарат пен басқа да материалдарды ұсынуына бақылауды жүзеге асырады; облыс әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады; азаматтарды қабылдау орталығын әзірлеу және іске қосу шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде бақылауды жүзеге асырады; бөлімнің құзыреті шеңберінде азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс істеуі үшін тартылған мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерінің жұмысына жалпы бақылау мен бағалау жасайды; облыс әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы арқылы келіп түскен өтініштердің әкімшілендірілуіне бақылауды жүзеге асырады; ай сайынғы, тоқсандық және жылдық статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды, өңірдің тәуекелдер картасын қалыптастыруды, бөлімнің жұмысы туралы анықтамаларды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Абай облысы бойынша департаментіне салыстыру актілерін ұсынады; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының «Documentolog», «мемлекеттік органдардың Интранет-порталы» Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде, «Еөтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді; ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және АҚ бойынша техникалық құжаттама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.10.2024 – 05.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МВ

Сұхбаттасу күні

08.11.2024

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

36-10-99