Абай облысы әкімінің аппараты бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (№16-10) (функционалдық блок B).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмыс жоспарын жасауға қатысады. Абай облысы әкімі аппаратының шығыс құжаттарын белгіленген тәртіппен электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі-ЭҚЖ) тіркеуді жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдарға, Абай облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне және басқа да хатхабарлар жіберілетін электрондық шығыс құжаттар жобаларының сапасын бақылауды жүзеге асырады.Адресаттарға электрондық түрде жауап ақпаратын жеткізуді және бұл туралы тиісті белгінің түсуін бақылайды.Абай облысы әкімі аппаратының істердің жиынтық номенклатурасын қалыптастырады және бекітеді. Ведомстволық және ағымдағы мұрағатта сақтауға жататын құжаттар мен істердің сақталуын есепке алады және қамтамасыз етеді. Құжаттарды түптеуге дайындық жұмыстарын жүргізеді, әкім мен әкімдік актілерінің тізбесін қалыптастырады. Мемлекеттік сақтауға жататын құжаттарды Абай облысының мемлекеттік мұрағатына дайындайды және өткізеді. Мұрағаттық құжаттарды есепке алу, сақтау, ретке келтіру, қалыптастыру, сондай-ақ электрондық мұрағатпен жұмыс істеу бойынша облыстың мемлекеттік мұрағатымен өзара ісқимыл жасасады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 08.11.2024
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99