Абай облысының білім басқармасы ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімінің бас маманы (№ 01-2) (функционалдық блок А).
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
281693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Білім басқармасының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; Шарт, қаржы тәртібін нығайту бойынша іс- шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; Білім басқармасының қызметкерлерін және білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытынды дайындау; Басқарма бөлімдері орындауға тиіс Абай облысының әкімдігі қаулысының орындалуы бойынша уақтылы шаралар қабылдау және орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын ұйымдастыру; Қолданыстағы заңнаманың бұзылуым шығарылған құқықтық актілерді өзгерту немесе жою бойынша шаралар қабылдау және құқықтық мониторинг жүргізу; Білім басқармасы қызметінің құқықтық мәселелерін қарастыру кезінде сотта, сондай-ақ өзге ұйымдарда білім басқармасы мүдделеріне өкілдік ету; Басқармаға ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды құру, тарату, қайта ұйымдастыру және қайта атау бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау; Қазақстан Республикасының заңнамасы насихаттау, білім басқармасындағы құқықтық жалпыға міндетті оқытуды ұйымдастыр бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Басқарма құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Басқарма атынан түсіндірмелер дайындау; Білім басқармасына келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің жүйелі есепке алынуын және сақталуын ұйымдастыру; Басқарма бойынша құжаттардың өтуіне, бөлім және өзге Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің (бөлімдерінің) бақылау құжаттарын орындау барысына, жоғары тұрған мемлекеттік басқару органына есептік және ағымдағы ақпараттың уақтылы және сапалы ұсынылуына, қараудың белгіленген мерзімін сақтауға бақылауды жүзеге асыру; Басқарып отырған бөлімнің құзыретіне кіретін нормативтік-құқықтық құжаттарды Басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарына, қалалық және аудандық білім беру бөлімдеріне уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызметшілердің ведомстволық қарасты ұйымдар басшыларының құжаттарын тоқсан сайын арнайы тексеруге дайындауды, құқықтық статистика орталығына сұрауларды іске асыру; Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілерінің және ведомстволық қарасты ұйымдар басшыларының заңмен белгіленген шектеулерді қабылдауға келісімін жазбаш тіркеу, өзіне қабылдаған шектеулерді бұзған жағдайдағы құқықтық салдары туралы ескерту; Басқарманың кадрлық жайына мониторинг жасауды және кадр іс-құжаттарын, соның ішінде мемлекеттік қызметтің персоналдары бойынша «Е-қызмет» бірыңғай автоматтандырылған мәліметтер базасын жүргізуді жүзеге асырады. Білім басқармасының шығармашылық қызметін талдау, талдаe нәтижелері бойынша оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу; Тиісті соттық қарауларға әкелген негіз себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Басқарманың қатысуымен болатын даулар бойынша талап ету жұмыстарының, сот тәжірибесінің жағдайына талдау жүргізу және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізу; Барлық сот инстанцияларында Басқарма пайдасына шешілмеген сот актілеріне шағыну бойынша уақтылы шаралар қабылдау (заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда), сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіпте прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылықтар келтіру туралы қолдаухатпен жүгіну; Білім басқармасының қызметкерлер құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету; Басқарма туралы Ережені әзірлеу және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету; Заңгерлік кеңес беруді және Басқарма басшысы бұйрықтарының жобаларына, ведомстволық қарасты білім беру ұйымдарының жарғыларына заңгерлік сараптама жүргізу; Нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу; Жетекшілік ететін мәселелері бойын жиынтық есепті, мәліметтерді, анықтамалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау, құруды жүзеге асыру; Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөнгелек үстелдер, кеңестер және ұйымдастыру және өткізу; Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу; Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету; Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау; Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету; Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеу, өзге мемлекеттік қызметші тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерін жою, сондай жемқорлық көріністеріне қарсы тұру қажет; Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 08.11.2024
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99