Абай облысының ветеринария басқармасы әкімшілік құқықтық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы (№ 5-1-2) (функционалдық блок Б)
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік және техникалық қызметшілердің жалақысын есептеу, II деңгейдегі банктерге жалақыны аудару үшін тізімдерді (қағаз және электрондық нұсқа), жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін қызметкерлердің жалақысынан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының тізімдерін (қағаз және электрондық нұсқа), мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдардың тізімдерін дайындау. Семей қаласы бойынша статистика департаментіне № 1-Инвест (айлық) үлгісі бойынша есепті, № 1-Инвест (жылдық) үлгісі бойынша есепті, № 3-ақпарат (жылдық) үлгісі бойынша есепті дайындау және ұсыну. Семей қаласы бойынша Салық комитетіне тоқсан сайынғы есептерді (жеке табыс салығы, есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық) дайындау және ұсыну. Құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын және қаражаттың мақсаты бойынша жұмсалуын тексере отырып, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуды 386-нысандағы (№8 М/О) жинақтау ведомосінде есепке алу. Қазынашылық органдарында төлемдер жүргізу, қызметкерлердің карт-шоттарына еңбекақы, іссапар шығыстары, сауықтыру жәрдемақыларының сомаларын есептеу бойынша II деңгейдегі банктермен жұмыс.
Кассалық тәртіпті орындау, № 1 мемориалдық ордердегі кассалық операцияларды есепке алу (381-т.), түрлері бойынша ақшалай құжаттардың талдамалық есебін жүргізу. «Желі, штаттар, континенттер туралы мәліметтерді қалыптастыру» есебін жасау және уәкілетті органға жиынтық ұсыну. Орындалған жұмыстардың актілеріне, электрондық шот-фактураларға, жүкқұжаттарға және өзге де растайтын құжаттарға сәйкес өнім берушілерге ақы төлеу (№6 М/О). Басқарманың негізгі қызметі бойынша қаражаттың қозғалысына өтінімдер, анықтамалар жасау. Қаржыландыру жоспарларын, тоқсандық және жылдық есептерді жасау.
Басқарма аппаратының шығыстарын қаржыландыру және есепке алу бойынша жұмыстарды орындау. Мемлекеттік қызметшілер мен техникалық персоналдың штат кестесін қалыптастыру, штат кестесіне өзгерістер енгізу. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер, жолданымдар, хабарламалар, сұрау салулар, пікірлер мен ұсыныстар, кіріс құжаттар, жоғары тұрған органдардың хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша уақытылы жауаптар мен ақпараттар дайындау, жіберу. Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 08.11.2024
- Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі 8, конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
-
36-10-99